TED TALKS ФОРМАТЫНДАҒЫ СӨЙЛЕУ МӘТІНДЕРІНІҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2532307Кілт сөздер:
сендіру, тұлғалық даму, көпшілік алдында сөз сөйлеу, риторикалық және стилистикалық құралдарАңдатпа
Бұл мақала технологиядағы ойын-сауық пен дизайндағы (TED TALKS) танымал мәселелерді талқылау негізінде дәріс мәтіндерінің тілдік ерешеліктерін зерттеуге арналған. TED TALKS форматындағы лекциялар бұл ғылыми мәселе бойынша идеяларды, ойларды және көзқарастарды қалыптастыру мақсатында берілген тақырып бойынша сарапшаның қысқаша ауызша баяндамалары. Өз мақсаттарына жету үшін сөйлеушілер аудиторияға әсер ететін тілдік құралдарды пайдаланады.
Зерттеудің өзектілігі цифрлық жаhандану дәурінде сөйлеушінің де, тыңдаушының да тұлғалық дамуға деген сарқылмас қызығушылығымен байланысты.
Бұл зерттеудің мақсаты - шешендердің ауызша сөйлеуінде қолданалатын сөйлеу тәсілдерінің тілдік ерекшеліктерін талдау. Зерттеудің мақсаты сендірудің негізгі лингвистикалық стратегияларын зерттеу, риторикалық эдістерді және баяндау құрымдыларының мағынасын талдау болып табылады. Зерттеуге арналған материал ағылшын тіліндегі бейнелер болды. Бейнелер TED ресми веб-сайытында (www.ted.com) 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың наурызына дейінгі тиісті кезеңге үздіксіз іріктеу әдісі арқылы таңдалды.
Таңдалған бейнематериалдар негізінде эмоционалды лексика, метофаралар, риторикалық сұрақтар, анафора, параллелизм және градация сәтті презентация үшін қолданалатыны анықталды. Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығы талдау нәтижелерін зерттеуде қолдануда, дәлелдеу және сендіру дағдыларын дамыту үшін оқытуда, сонымен қатар қарым-қатынасқа қатысты басқа да қызмет салаларында негізделген.

