БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ: БІЛІМ БЕРУ ДЕРЕКТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2532263Кілт сөздер:
жасанды интеллект, білім беру деректері, деректерді визуализациялау; , деректерді талдау, болашақ информатика педагогтары, білім берудегі цифрлық технологияларАңдатпа
Мақала болашақ информатика педагогтарын мектептердегі білім беру деректерін талдау және визуализациялау үшін жасанды интеллект технологияларын қолдануға дайындаудың өзектілігін негіздеуге арналған. Жасанды интеллекттің қолданбалы сала ретінде және білім берудің цифрлық трансформациясы контекстіндегі білім беру тренді ретінде дамуының ағымдағы жағдайы талданды. Қазіргі жағдайда болашақ педагогтарды даярлаудың қажетті элементі ретінде жалпы білім беретін мекемелер мен жоғары педагогикалық оқу орындарының оқу процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері ерекше маңызға ие екендігі анықталды. Жасанды интеллектті мектепте оқытуға біріктірудің мүмкін жолдары қарастырылды, сонымен қатар өзінің кәсіби қызметінде білім беру деректерін талдау және визуализациялау үшін жасанды интеллектті тиімді пайдалана алатын болашақ информатика педагогтарын даярлаудың негізгі бағыттары анықталды. Зерттеу нәтижелері болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған инновациялық әдістемелік тәсілдерді, элективті курстарды және пәнаралық жобаларды енгізу қажеттілігін көрсетті. Авторлар білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында информатика мұғалімдерін даярлау моделін жетілдіру болашақта мектептерде сапалы, заманауи және бәсекеге қабілетті білім беруді қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болатынын атап өтеді. Сонымен қатар мақалада жасанды интеллект құралдарын педагогикалық тәжірибеде қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері айқындалды.

