СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАЛА АЙМАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА СЕБУ МЕРЗІМДЕРІ МЕН ТЫҢАЙТҚЫШТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАЙЛЫ ЗЫҒЫРДЫҢ ЖАПЫРАҚ АУДАНЫ МЕН МАССАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Тезекбаева Айнаш Ерболовна «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»
  • Шестакова Нина Адамовна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»
  • Хакл Йозеф Чех жаратылыстану ғылымдары университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2531234

Кілт сөздер:

NDVI, жапырақ ауданы, майлы зығыр, массасы, тыңайтқыштар

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік Қазақстан жағдайында майлы зығырдың жапырақ ауданы мен массасының қалыптасуына себу және минералды қоректендіру мерзімдерінің әсері қарастырылады. Зерттеудің мақсатымайлы зығырдың фотосинтетикалық потенциалы мен жер үсті биомассасын және нәтижесінде дақылдың өнімділігін арттыруға ықпал ететін оңтайлы агротехнологиялық параметрлерді анықтау. Зерттеу 2023-2024 жылдары Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясында жүргізілді. Зерттеу барысында әртүрлі себу мерзімдері (мамыр айының бірінші және екінші декадасы) мен тыңайтқыштар (бақылау, NPKS, NPKS + карбамид) бар егіс алқаптарында далалық тәжірибе жүргізілді. Егіс алқаптары екі түрлі фоныментыңайтқыш қолданылған (Р90) және тыңайтқыш қолданылмаған (Р0) бөлінді.

Зерттеу нәтижелері жылдық климаттық жағдайларға қарамастан, тыңайтқыштар қолданылған барлық нұсқаларда бақылау деңгейіне қарағанда майлы зығырдың өнімділігін арттырғанын көрсетті. Алайда, 2024 жылдың ылғалды жағдайы тыңайтқыштардың тиімділігін айтарлықтай арттырғаны байқалды. NDVI индексі мен өнімділік (r=0,80) және құрғақ заттың жиналуы мен өнімділік (r=0,36) арасында корреляция анықталды. Тыңайтқыштардың қолданылуы майлы зығырдың өсуі мен дамуына оң әсер еткенін көрсетті. 2024 жылы максималды өнімділік NPKS + карбамид қоспасын қолдану арқылы алынды: тыңайтқыш қолданылмаған фон бойынша 13,3 ц/га және тыңайтқыш қолданылған фон бойынша 16,2 ц/га. Құрғақ ауа райы жағдайында ең жоғары өнімділік екінші себу мерзімі мен NPKS қолданылған нұсқада алынды.

Зерттеу қорытындылары кешенді тыңайтқыштарды ерте себу мерзімімен бірге қолдану өнімділікті 7-10% аралығында арттыруға әсер ететінін көрсетті. Бұл табылған заңдылықтар Солтүстік Қазақстан өңірлерінде майлы зығыр өсірудің тиімді бейімделген әдістерін жасауға негіз бола алады.

Автор өмірбаяндары

  • Тезекбаева Айнаш Ерболовна, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»

    егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының 3 курс докторанты

  • Шестакова Нина Адамовна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»
  • Хакл Йозеф, Чех жаратылыстану ғылымдары университеті

    PhD, профессор, агробиология, азық-түлік және табиғи ресурстар кафедрасы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары