ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҢЫЗЫ БАР СУ ОЙМАЛАРЫНЫҢ ТҮПТІК ШӨГІНДІЛЕРДЕГІ ТЕМІР МЕН МАРГАНЕЦТІҢ ҚҰРАМЫН АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Авторлар

  • Куанышбаев Сейтбек Бекенович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0001-7525-8856
  • Бугубаева Алия Узбековна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Казбекова Карина Азаматовна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-6468-2843
  • Нурсеитова Аружан Магауякызы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0009-0000-7175-3331

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2531175

Кілт сөздер:

темірдің мөлшері, марганецтің мөлшері, су қоймасы, түптік шөгінділер, рентгенфлуоресценттік спектрлік талдау, корреляциялық тәуелділік

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларының жағалау аймағындағы түптік шөгінділерді зерттеу нәтижелері келтірілген. Сынамаларды іріктеу қысқы кезеңде, төмен температура жағдайында су айдындарының мұз қабатының астынан жүргізілді. Зерттеу нәтижелері, түптік шөгінділерде темір мен марганец сияқты ауыр элементтердің құрамын анықтау арқылы көрсетілген. Бұл  элементтердің орташа мөлшері оксидтік түрден элементтік түрге қайта есептеуді ескере отырып, жер қыртысындағы элементтердің кларк мәндерінің орташа деңгейінен аспайтыны анықталды. Алынған нәтижелер БҰҰ ЕЭК жұмыс тобының трансшекаралық және халықаралық көлдерді мониторингтеу мен бағалауға арналған басшылық қағидаттарының ережелеріне сәйкес келеді. Аталған құжатта түптік шөгінділердің ірі түйіршікті компоненттері үшін ауыр металдардың төмен мөлшері тән екендігі атап көрсетілген. Осы зерттеудің нәтижелерін қалыпты климаттық аймақтардағы ағынды су қоймаларының түптік шөгінділерінің сапалық құрамына қатысты анықтамалық ақпарат ретінде, тұщы ағынды су қоймаларының түптік шөгінділерінің сапалық және уытты көрсеткіштеріне кешенді баға беру бойынша әдістемелік ұсынымдар ретінде, түптік шөгінділердің қатты фазалық түрлерін экспресс-рентгенофлуоресценттік спектрлік әдістермен талдау жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулық ретінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған су қоймаларындағы ауыр металдардың мөлшерін мониторингтеуге пайдалану ұсынылады.

Автор өмірбаяндары

  • Куанышбаев Сейтбек Бекенович, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    география ғылымдарының докторы, Басқарма Төрағасы-Ректор

  • Бугубаева Алия Узбековна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, биология, экология және химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Казбекова Карина Азаматовна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    «7M01503 Химия» БББ  педагогика ғылымдарының магистрі

  • Нурсеитова Аружан Магауякызы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    «7M05201 Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» БББ магистрантура білім алушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары