ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҢЫЗЫ БАР СУ ОЙМАЛАРЫНЫҢ ТҮПТІК ШӨГІНДІЛЕРДЕГІ ТЕМІР МЕН МАРГАНЕЦТІҢ ҚҰРАМЫН АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2531175Кілт сөздер:
темірдің мөлшері, марганецтің мөлшері, су қоймасы, түптік шөгінділер, рентгенфлуоресценттік спектрлік талдау, корреляциялық тәуелділікАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларының жағалау аймағындағы түптік шөгінділерді зерттеу нәтижелері келтірілген. Сынамаларды іріктеу қысқы кезеңде, төмен температура жағдайында су айдындарының мұз қабатының астынан жүргізілді. Зерттеу нәтижелері, түптік шөгінділерде темір мен марганец сияқты ауыр элементтердің құрамын анықтау арқылы көрсетілген. Бұл элементтердің орташа мөлшері оксидтік түрден элементтік түрге қайта есептеуді ескере отырып, жер қыртысындағы элементтердің кларк мәндерінің орташа деңгейінен аспайтыны анықталды. Алынған нәтижелер БҰҰ ЕЭК жұмыс тобының трансшекаралық және халықаралық көлдерді мониторингтеу мен бағалауға арналған басшылық қағидаттарының ережелеріне сәйкес келеді. Аталған құжатта түптік шөгінділердің ірі түйіршікті компоненттері үшін ауыр металдардың төмен мөлшері тән екендігі атап көрсетілген. Осы зерттеудің нәтижелерін қалыпты климаттық аймақтардағы ағынды су қоймаларының түптік шөгінділерінің сапалық құрамына қатысты анықтамалық ақпарат ретінде, тұщы ағынды су қоймаларының түптік шөгінділерінің сапалық және уытты көрсеткіштеріне кешенді баға беру бойынша әдістемелік ұсынымдар ретінде, түптік шөгінділердің қатты фазалық түрлерін экспресс-рентгенофлуоресценттік спектрлік әдістермен талдау жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулық ретінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған су қоймаларындағы ауыр металдардың мөлшерін мониторингтеуге пайдалану ұсынылады.