ҚОСТАНАЙ ЖӘНЕ АДАЙ ЖЫЛҚЫЛАРЫНЫҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН АУРУЛАРДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОНИТОРИНГІ: SCN4A, GYS1, GBE1, PPIB, EDNRB ЖӘНЕ STX17 МУТАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУШЫЛЫҚ ЖИІЛІГ

Генетикалық варианттар

Авторлар

  • Төреханов Айбын Әдепханұлы «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты»
  • Қожанов Жасұлан Ертайұлы «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Қайыпбай Берікжан Балапанұлы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысы
  • Талжанов Еркебұлан Айтқазыұлы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD2531255

Кілт сөздер:

Генетикалық аурулар, Қостанай тұқымы, Адай тұқымы, жылқы шаруашылығы, SNP генотиптеу, Геномдық секвенирлеу, Генетикалық мутация

Аңдатпа

Жылқылардағы тұқым қуалайтын аурулар жануарлардың денсаулығына, селекциялық жұмыстардың тиімділігіне және спорттық қолданылуына айтарлықтай әсер етеді. Бұл зерттеуде қазақстандық жылқылардың екі популяциясында — Қостанай тұқымы мен Адай типінде — алты белгілі мутация бойынша генетикалық мониторинг жүргізілді: HYPP (SCN4A), PSSM1 (GYS1), GBED (GBE1), HERDA (PPIB), LWFS (EDNRB) және Grey/меланома (STX17). Анализ үш деректер жиынтығын қамтыды: 1630 жылқының генотиптері және 65 жылқының толық геномдық секвенирлеуі BR10764999 «Жылқы шаруашылығында селекциялық процесті тиімді басқару және генофондты сақтау технологияларын әзірлеу» бағдарламасы аясында; 96 жылқының деректері BR22885681 «Қостанай тұқымының генофондын сақтай отырып, Адай және Қостанай жылқыларының генетикалық ресурстарын басқарудың қолданыстағы әдістерін жетілдіру» бағдарламасының аясында алынды. Алғашқы екі жиынтықта 68 974 SNP қарастырылды, оның ішінде SCN4A және PPIB гендерінің позициялары болды. Барлық жануарлар референтті аллель бойынша гомозиготты болды. Үшінші жиынтықта EquCab3.0 геномындағы барлық алты ген тексерілді, бірақ ешқандай ауытқу анықталмады.  Нәтижелер көрсеткендей, зерттелген қазақстандық жылқыларда аталған мутациялар мүлдем жоқ. Бұған екі фактор ықпал етуі мүмкін: біріншіден, бұл мутациялар көбіне шетелдік тұқымдарда (American Quarter Horse, American Paint Horse, ауыр жүк тұқымдары, липицциан) таралған, ал олар Қазақстанға әкелінбеген; екіншіден, дәстүрлі еркін жайылым жағдайында табиғи сұрыпталу патологиялық аллельдердің сақталу мүмкіндігін төмендетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Төреханов Айбын Әдепханұлы, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты»

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Басқарма төрағасы

  • Қожанов Жасұлан Ертайұлы, «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

    ветеринария ғылымдарының магистрі, жылқы және түйе шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі

  • Қайыпбай Берікжан Балапанұлы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысы

    ветеринария ғылымдарының докторы

  • Талжанов Еркебұлан Айтқазыұлы, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті

    PhD

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары