АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/Кілт сөздер:
ақпараттық сауаттылық, психологиялық қауіпсіздік, оқыту әдістері, цифрлық орта, жасөспірімдер, дамыту, білім беруАңдатпа
Бұл мақалада жасөспірімдердің ақпараттық ортадағы психологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңызды құралы ретінде ақпараттық сауаттылықты оқыту мәселесіне баса назар аударылады. Зерттеу ақпараттық сауаттылықтың жастар өміріндегі, әсіресе цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін еңсеру тұрғысынан алғанда, шешуші рөл атқаратынын көрсетеді. Авторлар ақпараттық сауаттылық және психологиялық қауіпсіздік саласындағы отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеді. Бұл зерттеудің мақсаты – жасөспірімдердің дамуы үшін ақпараттық сауаттылықтың шешуші рөлін көрсету және осы дағдыларды нығайтудың цифрлық дәуірдегі психологиялық қауіпсіздікке қалай ықпал ететінін зерттеу. Зерттеуге 10-сыныпта оқитын 136 оқушы қатысты, олар бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Нәтижелер Уилкоксон таңбалық рангілік критерийі мен Спирмен корреляциялық талдауы арқылы өңделіп, эксперименттік топ оқушыларының ақпараттық сауаттылық және эмоционалдық әл-ауқат деңгейлерінде статистикалық тұрғыдан маңызды жақсартуларды көрсетті. Зерттеу ақпараттық сауаттылық деңгейі мен жасөспірімдердің цифрлық ортадағы психологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері арасындағы байланыс бар екенін растады. Алынған нәтижелер ақпараттық сауаттылықты білім беру үдерісіне жүйелі түрде енгізу жасөспірімдердің цифрлық қауіп-қатерлерге төтеп беру қабілетін және психологиялық қауіпсіздігін дамыту үшін маңызды болуы мүмкін екенін айқындайды.