ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ АРАСЫНДА ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙЗЕЛІСТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG254233Кілт сөздер:
зерде бұзылыстары, ата-аналық күйзеліс, психологиялық қолдау, стресс-менеджмент, эмоционалдық тұрақтылық, депрессия, өзін-өзі реттеуАңдатпа
Мақалада зерде бұзылыстары бар балалардың ата-аналарының эмоциялық күйзеліс деңгейі зерттеліп, оның себептері мен салдары талданды. Ата-аналардың психологиялық әл-ауқаты баланың дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне тікелей әсер ететіні анықталды. Зерттеу барысында «Ата-аналық күйзеліс шкаласы» (PSS) және «Бек депрессия шкаласы» (BDI-II) қолданылып, ата-аналардың стресс пен депрессия деңгейлері бағаланды. Нәтижелер көрсеткендей, ата-аналардың жоғары эмоционалдық күйзеліс пен шаршауды бастан кешіреді. Басым көпшілігі Практикалық әзірленген «Эмоциялық тұрақтылық және ата-ана рөлі» тренингтік бағдарламасы ата- бөлімде аналардың стрессін азайтып, эмоциялық тұрақтылығын арттыруға және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік берді. Қайта диагностика нәтижелері бағдарламаның тиімділігін дәлелдеді: ата-аналардың күйзеліс деңгейі төмендеп, өз-өзіне сенімділігі артты. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – ата-аналардың эмоциялық күйзелісін төмендетуге бағытталған отандық тренингтік бағдарламаның психологиялық тиімділігін дәлелдеуінде. Ал қолданбалық мәні – алынған нәтижелерді инклюзивті білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысында, ата-аналарға арналған психологиялық көмек бағдарламаларын әзірлеуде және әлеуметтік қолдау орталықтарының тәжірибесіне енгізуде пайдалануға болатындығында. Бұл зерттеу ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына көрсетілетін психологиялық қолдау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты ғылыми негіз ұсынады.

