ТІЛ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ТІРЕГІ

Авторлар

  • Тасмағамбетова Зейнат Жансұлтановна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0009-0007-9433-7833
  • Қайыпбаева Айжамал «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Нурсеитова Айшагүл Айдарбековна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Абильбекова Бахыт Тұрсынбековна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG2541225

Кілт сөздер:

тіл байлығы, ой-өріс, рухани мәдениет, тіл, ұлт, рухани болмыс

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар тілмен бірге ғасырлар бойы жинақталған білім, дағды, салт, мәдениетке назар аудартып, қандай иммунитет адам да жоғары болса, өзге халықтың жат қылықтарын бойына сіңірмейтініне, найзаның ұшымен қорғалған жер өз тілін білмейтін мәңгүрттерге мәңгілік тұрақ болмайтынына назар аудартқан. Сонымен бірге, авторлар лингвистерге мәлім қазақ тілінің мүшкіл жағдайына басқа мамандардың да зер салуын қажет деп санайды.
Рухани иммунитетті қалай нығайтудың жолдарына тоқталады. Адамның рухани иммунитеті, яғни ұлттық сана-сезімі, тәрбиесі мен мәдени құндылықтары жоғары болса, ол өзге халықтың жат қылықтарына бой алдырмайды. Рухани иммунитет дегеніміз – адамның өзболмысын, ата-баба дәстүрін, ұлттық мәдениетін берік ұстануы және сыртқы әсерлерге қарсы тұру қабілеті деген ғалымдар тұжырымына жан-жақты тоқталған. Ұлттық тәрбие, ата-ана тәрбиесі, ана тілі, ұлттық тарих пен әдебиет, дін мен ділдің беріктігі адамды адаспайтын жолға салатыны зерделенген.
Сонымен бірге, авторлар пәлсапалық таным ұғымдарымен тығыз байланыста, соның бір бөлігі ретінде дүниеге келген тіл туралы ғылымның қазірде қазақ топырағында қалыптасу ерекшелігін айқындау, даму бағыттарын саралау, әлемдік лингвистиканың концептуалды тұжырымдарымен сабақтастығын, өзіндік үлесін талдау қажеттігі сол байланыстың уәжді жалғасы болып табылатынына тоқталған.

Автор өмірбаяндары

  • Тасмағамбетова Зейнат Жансұлтановна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    филология магистрі, филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы

  • Қайыпбаева Айжамал , «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    филология ғылымдарының кандидаты, филология және практикалық
    лингвистика кафедрасы профессорының м.а.

  • Нурсеитова Айшагүл Айдарбековна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    гуманитарлық ғылымдар магистрі, филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы

  • Абильбекова Бахыт Тұрсынбековна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Филологиялық ғылымдар