ЦИФРЛАНДЫРУ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР

Авторлар

  • Махмутова Кулсара Исахановна Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Қуанышбаева Зәуре Бекеновна Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Ахметова Эльмира Калдыбековна Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Сулейменова Санен Наметовна Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG2542182

Кілт сөздер:

тәрбие, тәрбиеленушілер, ұлттық тәрбие, рухани-адамгершілік, сынып сағаты

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қоғамдағы ғаламдық өзгерістер, ақпараттандыру, техногендік өркениет, жасанды интеллект және цифрлық кеңістіктің жастар өміріне терең енуі нәтижесінде туындаған моральдік азғындау, гуманизм принциптерінен ауытқу, жастар арасында жыныстық өзгерістер, гомосексуализм және тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты құбылыстардың кеңінен таралуы сияқты өзекті мәселелер қарастырылады. Бұл мәселелер ата - бабаларымыздың бала тәрбиелеудегі мұрасын пайдаланбау, пайдаланса да үзік-жұлық эпизодтық іс-шаралармен шектелуі, халық педагогикасының заманауи  тәрбие технологияларына орнын бостақандығы, батыстық мәдениетке ден қою, педагогтардың ұлттық тәрбие мәселелерінде құзыреттіліктерінің жеткілікті еместігі сияқты факторлармен де байланысты орын алып отырғандығы айтылады. Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері -  ата - бабаларымыздың бала тәрбиелеудегі  тәжірибесін, олардың тәрбиелік потенциалын зерттеу оны тәрбиелік іс - шараларда пайдалану жолдарын ұсыну, қазіргі қоғамдағы жастардың моральдық жағдайын зерттеу, педагогикада халықтық тәрбие элементтерін қолдану тәсілдерін анықтау, сыныптан тыс шараларды ұлттық дәстүрлермен байланыстырып ұйымдастыру. Мақалада бастауыш сынып оқушыларына  арналған сыныптан тыс сағаттарды ұлттық ерекшеліктерге негізделіп ұйымдастырудың жолдары көрсетілген. Сондай-ақ, нәтижеге бағдарланған сыныптан тыс сағаттардың жоспарлануы мен жүргізілуінің нақты үлгісі ұсынылған. Сонымен қатар, балалардың қызығушылықтарын оятатын интерактивті тәсілдер, ойын элементтері мен слайд-шоулар, бейнемазмұндар, суреттер, геймификация, мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен жұмыс т.б әдістерден ұтымды пайдалану жолдары көрсетілген.

Автор өмірбаяндары

  • Махмутова Кулсара Исахановна, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика кафедрасының аға оқытушысы

  • Қуанышбаева Зәуре Бекеновна, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

  • Ахметова Эльмира Калдыбековна, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    PhD, Педагогика кафедрасының аға оқытушысы

  • Сулейменова Санен Наметовна, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар