БОЛАШАҚ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЕРДІ КҮРДЕЛІ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Мукажанова Эльмира Тайтолеуовна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Абаева Галия Аскарбековна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG2542202

Кілт сөздер:

даярлау, мемлекеттік грант, білім беру бағдарламасы, арнайы білім беру мекемелері, бакалавр

Аңдатпа

Елімізде арнайы мектепке дейінгі және арнайы мектеп ұйымдарының, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары белсенді ашылып жатыр. Демек, жоғары оқу орындарында арнайы педагогтерді даярлау бойынша (бакалавр, магистратура, доктарантура) мемлекеттік гранттардың жылдан жылға көбейіп жатқаның байқауға болады. Зерттеу мақсаты – болашақ арнайы педагогтердің  күрделі бұзылысы бар балалармен  жұмыс істеуге көзқарасын айқындау. Зерттеу міндеті – болашақ арнайы педагогтерді күрделі бұзылысы бар балалармен жұмыс істеуге даярлаудың шетелдік  зерттеу жұмыстарын талдау, болашақ арнайы  педагогтердің  күрделі бұзылысы бар балалармен жұмыс істеуге көзқарасы мен даярлығын айқындау. Ғылыми зерттеу мақаланың теориялық бөлімінде шетелдік және отандық   ғылыми  зерттеу жұмыстарындағы  «даярлау» және «кәсіби даярлау» ұғымдарының мәні талданып, нәтижесінде салыстырмалы кесте құрылды.  Арнайы білім беру ұйымдарының дамуына талдау жасалынып, сандық көрсеткіштері ұсынылды. Және де соңғы үш жылдағы  жоғары оқу орындарында арнайы педагогтерді даярлаудағы мемлекеттік грант көрсеткіштері зерделеніп, статистикалық талдау жасалынды. Талдау нәтижесінде қазіргі таңда арнайы педагогика мамандығы бойынша мамандарды даярлау  сұранысқа ие мамандықтардың бірі екендігін көрсетеді. Ғылыми мақаланың эмпирикалық зерттеу бөлімінде  болашақ арнайы педагогтердің күрделі бұзылысы бар балалармен жұмыс істеудегі теориялық білімдерін, практикалық  тәжірибесін айқындау мақсатында арнайы сауалнама жүргізілді. Сауалнама шетелдік  әдістемесі «Лейкарт» арқылы жүргізілді. Әрбір сұрақ мәлімдеме ретінде тұжырымдалып, ал респондент келісім дәрежесін шкала бойынша бағаланды. Сауалнама нәтижесінде болашақ арнайы педагогтердің  күрделі бұзылысы бар балалар туралы теориялық білімнің бар екендігін көрсетеді. Бірақ, арнайы педагогтердің түзете дамыту жұмысын жүргізу үшін педагогикалық құзыреттілігін артыру қажеттігін көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • Мукажанова Эльмира Тайтолеуовна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторант

  • Абаева Галия Аскарбековна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар