АВТОТРАКТОРЛЫ ДИЗЕЛЬДІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АЛЬТЕРНАТИВТІ ОТЫН ҚОСПАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2541104Кілт сөздер:
автотракторлы дизельді қозғалтқыш, альтернативті отын, отын қоспалары, биодизель, синтетикалық отын, отын жүйесін жаңғырту, экологиялық қауіпсіздікАңдатпа
Зерттеу мақсаты – автотракторлы дизельді қозғалтқыштарды альтернативті отын түрлерінде пайдалану кезінде олардың тиімділігін арттыру, қозғалтқыштың құрылымын және жұмыс режимдерін бейімдеу тәсілдерін әзірлеу, сондай-ақ отын беру жүйесін жетілдіруге арналған техникалық шешімдерді негіздеу. Мақалада жану параметрлері, жұмыс қоспасының түзілу ерекшеліктері, температуралық режимдер мен түрлі отын құрамдарын қолданған кездегі тозу процестері қарастырылады. Отынның тұтқырлығының, цетан санының, оттек мөлшерінің және қоспалар құрамының өзгеруі Д-243 қозғалтқыш жұмысының тұрақтылығына, зиянды заттар шығарындыларына және бөлшектердің ресурсына әсер етуі анықталды. Зерттеу нәтижесінде қозғалтқыш тиімділігін арттыру, жанармайдың меншікті шығынын төмендету және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту мақсатында нақты отын қоспаларын қолдану жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар берілген. Сонымен қатар, отын құрамының өзгеруіне автоматты түрде бейімделе алатын модификацияланған отын беру жүйесінің схемасы ұсынылады. Стандартты дизель отыны мен альтернативті отын қоспаларының салыстырмалы көрсеткіштерін қамтитын тәжірибелік деректер ұсынылған шешімдердің техникалық және экономикалық тиімділігін дәлелдейді. Осылайша, зерттеу нәтижелері автотракторлы дизельді қозғалтқыштарды көпкомпонентті отын базасына көшіру жағдайында жаңғыртуға қолдануға болады. Бұл өз кезегінде энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді.

