ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2531166Кілт сөздер:
топырақ, талдау, агрохимия, құнарлылық, бақылауАңдатпа
Қостанай облысы топырақтарының агрохимиялық құрамы - бұл 2020-2023 жылдар аралығындағы Agro Lab агрохимиялық зертханасының жұмыс нәтижелері бойынша зерттеу. Зерттеуде аймақтың топырағы, оның түрлері, қасиеттері, құнарлылығы, химиялық құрамы, құнарлылықтың қоректік заттардың құрамына тәуелділігі туралы мәліметтер келтірілген. Өсімдіктердің қоректік заттарға қажеттілігі мен топырақ құнарлылығы, сәйкесінше қолданылатын тыңайтқыштардың көлемі мен топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру қабілеті арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру маңызды мәселе болып табылады, оның шешімі өсімдік шаруашылығының және жалпы ауыл шаруашылығындағы өндірістің тұрақты даму мүмкіндігін анықтайды. Бұл тепе-теңдік өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен бірге құнарлылықты сақтайды және топырақтың физикалық, механикалық және биологиялық қасиеттерін жақсартады.
Қостанай облысының егістік топырақтарында Қарабалық ауданында органикалық заттардың ең жоғары орташа өлшенген мөлшері (5,17 %) және Амангелді ауданында ең аз мөлшері (1,98 %) тіркелді. Р2О5 (36-37 мг/кг) жылжымалы формаларының ең жоғары мөлшері Қарабалық ауданы мен Б.Майлин ауданының топырақтарында байқалды. Егістік топырақта 7,1 (Қарабалық ауданы) және 8,6 (Амангелді ауданы) топырақ ортасының реакциясы тіркелді. Аймақтың егістік топырағы негізінен фосфор мен күкірттің жылжымалы түрлерімен төмен қамтамасыз етілуімен сипатталады. Бұл зерттеу ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын, жыртылатын жерлердің жағдайына және алынған өнім сапасына бейжай қарамайтын барлық адамдарға арналған. Сондай-ақ бұл жұмыс минералды тыңайтқыштарды теңгерімді және оңтайлы түрде енгізу бойынша нұсқаулық ретінде пайдалануға болады.