АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ: ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SRDG2612298Кілт сөздер:
арнайы білім беру , арнайы педагог, құзыреттілік , әлеуметтік-педагогикалық құзіреттілік, практикалық дайындықАңдатпа
Қазіргі уақытта білім беру жүйесі барлық білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырып, тең мүмкіндік беруді талап етеді. Арнайы және инклюзивті білім берудің тиімді жүзеге асуы көбінесе арнайы педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық құзыреттілігіне байланысты. Жұмыс берушілердің талаптары жыл сайын күрделеніп, болашақ мамандардан тек академиялық білім мен әдістемелік шеберлікті ғана емес, сонымен қатар цифрлық құзыреттерді, икемділік пен инновациялық тәсілдерді меңгеруді талап етеді. Сондықтан арнайы педагогтардың кәсіби даярлығы мен әлеуметтік-педагогикалық құзыреттілігін бағалау – еңбек нарығының сұранысына сәйкес келетін мамандар даярлаудың өзекті мәселесі. Бұл зерттеу арнайы педагогтардың әлеуметтік-педагогикалық құзыреттерін жұмыс берушілердің көзқарасы тұрғысынан талдау, түлектердің кәсіби даярлығының сапасына қанағаттану деңгейін анықтау болып табылады. Зерттеу жұмыс берушілерге жүргізілген сауалнама деректеріне, әдебиеттерге шолу мен салыстырмалы талдауға негізделді. Болашақ арнайы педагогтардың кәсіби даярлығын бағалау үшін практикалық және теориялық дайындық, жеке қасиеттер мен әлеуметтік-педагогикалық дағдылардың даму деңгейі қарастырылды. Зерттеу нәтижелері арнайы педагогтарды даярлау жүйесінде тәжірибелік дайындықтың жеткіліксіздігі, қазақ тіліндегі оқу материалдарының тапшылығы және заманауи әдістерді меңгерудегі қиындықтар бар екенін көрсетті. Сонымен қатар түлектердің коммуникативтік, психологиялық қолдау көрсету, құқықтық-нормативтік білім және инновациялық әдістерді қолдану дағдыларының маңыздылығы айқындалды. Алынған деректер негізінде болашақ арнайы педагогтарды даярлауда практикалық сабақтардың үлесін арттыру, дуалды білім беру жүйесін қолдану, жаңа технологияларды енгізу және әлеуметтік-педагогикалық құзыреттерді дамыту жөнінде ұсыныстар жасалды.

