ГОЛШТЕИН ТҰҚЫМДАС СИЫРЛАРЫНДА HH6 ФЕРТИЛДІК  ГАПЛОТИПІНІҢ БАЛАУ ӘДІСТЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ  ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРАЛУЫ

Авторлар

  • Джунусова Райхан Жексенбаевна «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Иманбаев Аиткали Альмурзаевич «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Тургумбеков Асет Абдымаратович «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Усенбеков Есенгали Серикович «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG254112

Кілт сөздер:

голштеин тұқымы, HH6 фертилдік гаплотипі, SDE2 гені, нүктелік мутация, зиянды генетикалық ақаулар, ПТР-РФҰП талдауы, KASP әдісі

Аңдатпа

Мақалада авторлар Алматы облысы Іле ауданы, «Междуреченск АГРО» ЖШС сүт фермасындағы  голштеин тұқымдас  сиырларында HH6 фертилдік  гаплотипіне молекулярлық-генетикалық әдіспен балау жасау тәсілдері оңтайландырылған және осы фермаға қарасты 150 шет елдік селекциядағы голштеин тұқымдас сиырларындағы HH6 фертилдік  гаплотипі генетикалық ақауының таралуы зерттелген.  Шет елдік арнайы әдебиеттерге талдау жасау нәтижесінде сиырларда HH6 фертилдік  гаплотипінің генетикалық пайда болу механизмі анықталған, аталған кемтарлық SDE2 генінің ақпараттық бөлігінде зиянды нүктелік мутация (g.29773628 A>G SNP, GTCTCCGCC[A>G]TCTCACCCAGT) нәтижесінде пайда болған. Сондықтан, сиырларда  HH6 фертилдік  гаплотипінің гетерозиготалы тасымалдаушыларын балауға классикалық ПТР-РФҰП талдауы қолданылды. SDE2 генінің жабайы және мутантты аллелдерін идентификация жасау үшін  CCATC(N) тану сайтымен BccI эндонуклеазасымен ПТР өнімін  рестрикция жасау тәсілі қолданылды. Электрофореграммада, гомозиготалы дені сау жануарларда фрагмент ішінде   BccI эндонуклеазасының сайт рестрикциясы болуына байланысты екі фрагмент анықталды: 278 ж.н. және 246 ж.н., ал гетерозиготалды тасымалдаушы сиырларда үш фрагмент пайда болды: 524 ж.н., 278 ж.н. және 246 ж.н. Қосымша балау әдісі ретінде KASP әдісі қолданылды, дені сау гомозиготалы жануарларда электрофореграммада ұзындығы 88 ж.н. фрагмент пайда болды. Зерттеу тобындағы 150 бас голштеин тұқымдас сиырлардың 7 басында HH6 фертилдік  гаплотипінің гетерозиготалы тасымалдаушылары анықталды, аталған генетикалық мутацияның таралуы 4,67% құрады.

Автор өмірбаяндары

  • Джунусова Райхан Жексенбаевна, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    техника ғылымдарының магистрі,  «Клиникалық пәндер» кафедрасының докторанты

  • Иманбаев Аиткали Альмурзаевич, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Клиникалық пәндер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Тургумбеков Асет Абдымаратович, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, «Клиникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы

  • Усенбеков Есенгали Серикович, «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ

    биология ғылымдарының кандидаты, Клиникалық пәндер» кафедрасының профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар