ТАРИХИ ДЕРЕККӨЗДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДА ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОЛДАНУ ТАРИХИ ДЕРЕККӨЗДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДА ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG254265Кілт сөздер:
тарихи дереккөз, тарихи құжат, зерттеу дағдысы, эссе, сыни талдауАңдатпа
Бұл мақалада тарихты оқытудағы негізгі әдістемелік бағыттардың бірі ретінде тарихи дереккөздерді тиімді пайдалану мәселесі қарастырылады. Автор оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыруда түпдеректермен жұмыс істеудің маңыздылығына ерекше назар аударады. Тарихи дереккөздер тек өткенді сипаттайтын ақпарат көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға, ақпаратты талдап, жүйелеуге, түрлі көзқарастарды салыстыруға және тарихи контексте себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға үйрететін әмбебап құрал ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында тарихи деректерді оқу үдерісіне кіріктірудің әдіс-тәсілдері мен тиімді педагогикалық модельдері талданады. Атап айтқанда, мұғалімнің бағыттаушы рөлі, дереккөздермен жұмыс кезеңдері (сұрақ қою, талдау, интерпретация, қорытынды жасау) және оқушылардың дербес зерттеуін ұйымдастыру жолдары сипатталады. Сонымен қатар, тарихи материалдарды пайдаланудың оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және тарихи білімнің тереңдігі мен деректілігін қамтамасыз етуге ықпалы көрсетіледі. Мақалада тарихи дереккөздермен жұмыс жасаудың заманауи білім беру жүйесіндегі зерттеуге негізделген оқыту тұжырымдамасымен өзара байланысы да айқындалады. Нәтижесінде, дереккөздерді қолдану оқушылардың зерттеушілік мәдениетін, тарихи ойлау мен рефлексия дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдіс ретінде бағаланады.

