БОЛАШАҚ ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНДЕ ТҰРАҚТЫ, САНАЛЫ БІЛІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨЗҚАРАСТАР
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2622286Кілт сөздер:
саналы білім, оқыту әдістемесі, пәндік құзіреттіліктер, химиялық процестердің механизмі, ойлау дағдыларыАңдатпа
Мақала болашақ химия пәні мұғалімдерінде тұрақты, саналы білім қалыптастыру сұрақтарына арналған. Мектептер қызметін жетілдіруде және оқушылардың білім алуының сапалы болуын қамтамасыз етуде мұғалім басты рөл атқарады. Білім беру саласындағы халықаралық зерттеулер нәтижелері сәйкес кәсіби қабілеттіліктері, қажетті құзіреттіліктері бар және оқыту мен білім алу процестері туралы көзқарастық түсінігі бар мұғалімдер өсіп келе жатқан ұрпақты оқытуды сапалы өзгертуге қабілетті екенін дәлелдеп отыр. Ұсынылып отырған жұмыста педагогикалық жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерде химия ғылымының түпкілікті теориялары мен заңдарына негізделген терең пәндік білім қалыптастыру жөніндегі оқытушылық қызметтің жұмыс тәжірибесімен бөлісу сипаттамасы келтірілген. Осыған сәйкес келесідей міндеттер қойылды: қойылған мәселенің шешілуінің қазіргі кездегі күйін зерттеу және химия курсының кейбір жеке сұрақтарын білім алушыларға жеткізу әдістемелерін беру. Бұл әдістемелер жеке жұмыс тәжірибесінен алынған және оқу материалының мазмұнын неғұрлым терең ашуға мүмкіндік береді. Олар «Бейорганикалық химия», «Мектепте оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдемелер» сияқты пәндерді оқыту практикасында қолданылады, сонымен қатар студенттерге педагогикалық практика кезінде пайдалану үшін ұсынылады. Әзірленген әдістеменің тиімділігін бағалау мақсатында 2022–2025 жж. кезеңіндегі студенттердің академиялық үлгеріміне салыстырмалы талдау жүргізілді, нәтижесінде білім алушылардың терең пәндік білімдерінің қалыптасуында статистикалық маңызды өсім анықталып (c2 = 8,54, p < 0,05), үлгерімнің жоғары деңгейінің үлесі 12,5%-дан 35,7%-ға дейін артты.

