ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ СЕМИОТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ӘДІСІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/SKVC2622015Кілт сөздер:
семиотикалық трансформация, орыс тілі екінші тіл ретінде, оқу үдерісіне тартылу, мультимодальдылық, әдістемелік экспериментАңдатпа
Мақалада орыс тілін екінші тіл ретінде оқыту барысында оқушылардың оқу үдерісіне қызығушылығын арттырудың тиімді құралы ретінде семиотикалық трансформация әдісі қарастырылады. Цифрлық дәуір жағдайында дәстүрлі оқыту тәсілдері қазіргі оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне бейімделуді қажет етеді. Альфа буынына тән сипат – ақпаратты визуалды-мультимодальды қабылдау. Зерттеудің теориялық негізі Р. Якобсон ұсынған межсемиотикалық аударма ұғымына сүйенеді, ол білім беру тәжірибесі аясында қайта пайымдалған. Оқытудағы таңбаларды қайта кодтау үдерісін бейнелеу үшін «семиотикалық трансформация» термині қолданылады. Ол жүріп жатқан когнитивтік және тілдік операцияларды дәлірек сипаттауға мүмкіндік береді. Зерттеудің эмпирикалық бөлігі қазақ тілінде оқытатын мектептің алтыншы сынып оқушылары арасында жүргізілген әдістемелік экспериментке негізделген. Диагностикалық кезеңде оқушылардың оқу үдерісіне тартылуының орташа деңгейі анықталды, сондай-ақ дәстүрлі оқулықтардың мультимодальды материалдар жағынан шектеулілігі байқалды. Қалыптастыру кезеңінде сабақтарға семиотикалық трансформацияға негізделген тапсырмалар енгізілді: бейнелеу өнері, музыка және анимация туындыларын интерпретациялап, оларды сөздік формаға көшіру. Мұндай тәсіл оқушылардың назарын күшейтіп, тапсырмаларға деген қызығушылығын және талқылауға дайын болуын арттырды. Эксперимент нәтижелері семиотикалық трансформация әдісінің оқу үдерісіне тартылуды арттыруға, сөйлеу әрекетін белсендіруге және оқушылардың тілді мәдени жүйе ретінде тұтас қабылдауын қалыптастыруға ықпал ететінін дәлелдейді. Мақалада осы әдістемені одан әрі дамыту қажеттілігі және оқу материалдарын мультимодальды оқыту стратегияларын ескере отырып жетілдірудің маңызы атап өтіледі.

