МЕТАТАНЫМДЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Байтасова Гүлжан Қайратқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Рахимгалиева Пакизат Сармановна Семей медициналық университеті
  • Ермекова Мөлдір Алтынбековна Астана халықаралық университеті
  • Кулмышева Назым Армысовна Астана халықаралық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SKVC2622052

Кілт сөздер:

цифрлық құзыреттілік, метатанымдық дағдылар, педагогикалық білім беру, цифрлық технологиялар, кәсіби даярлық

Аңдатпа

Мақалада болашақ педагогтардың цифрлық құзыреттілігін метатанымдық дағдыларды қолдану арқылы дамыту мәселесі талданады. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің қарқынды цифрландырылуы педагогтардың кәсіби іс-әрекетіне жаңа мазмұн мен талаптар енгізіп отыр. Мұндай жағдайда педагог тек ақпарат жеткізуші емес, сонымен қатар оны шығармашылық тұрғыдан өңдеп, сыни талдай алатын, заманауи цифрлық ортада нәтижелі жұмыс істей білетін тұлға болуы қажет. Сондықтан болашақ педагогтардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру, оны метатанымдық қабілеттермен ұштастыру – кәсіби даярлаудың өзекті бағыты. Зерттеудің өзек-тілігі цифрлық құзыреттілік пен метатанымдық дағдыларды білім беру үдерісінде өзара кіріктіру қажеттілігімен анықталады. Метатанымдық дағдылар болашақ педагогтарға оқу іс-әрекетін тиімді жоспарлауға, технологиялық құралдарды орынды таңдауға, олардың тиімділігін бағалауға және өзіндік рефлексия жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай қабілеттер жеке тұлғаның өз танымдық үдерістерін түсініп, басқаруына жол ашады, ал бұл үздіксіз кәсіби дамудың негізгі тетігі саналады. Зерттеудің мақсаты – болашақ педагогтардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінде метатанымдық дағдыларды қолдану әдістерін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және олардың тиімділігін тәжірибелік тұрғыда айқындау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – метатанымдық дағдыларды болашақ педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту факторы ретінде жүйелеп, диагоностикалық, жоспарлау, цифрлық әрекет, рефлексия және түзету кезеңдерінен тұратын авторлық модель ұсынуында. Зерттеу барысында педагогика, психология және цифрлық білім беру саласындағы еңбектерге теориялық талдау жүргізіліп, болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында цифрлық және метатанымдық құзыреттердің байланысы айқындалды. Зерттеу нәтижелері болашақ педагогтардың метатанымдық ойлау қабілеттерін, өзін-өзі реттеу және рефлексия дағдыларын жетілдіру арқылы цифрлық құзыреттілікті дамыту мүмкіндігін дәлелдейді. Бұл бағыт педагог кадрларды даярлау сапасын арттыруға, білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау мен инновациялық оқыту тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Байтасова Гүлжан Қайратқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    8D01103 «Педагогика және психология» білім беру бағдар-ламасы бойынша 3-курс докторанты

  • Рахимгалиева Пакизат Сармановна, Семей медициналық университеті

    PhD, Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы

  • Ермекова Мөлдір Алтынбековна, Астана халықаралық университеті

    оқытушы

  • Кулмышева Назым Армысовна, Астана халықаралық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар