ТАБИҒИ ҚАУІПТЕРДІ ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2612163

Кілт сөздер:

табиғи қауіптер, мектеп географиясы, функционалдық сауаттылық, білім беру реформасы, практикалық дағдылар, оқу мазмұны, халықаралық тәжірибе

Аңдатпа

Мақалада мектеп географиясы пәні аясында табиғи қауіптерді оқытудың қазіргі жай-күйі жүйелі талданып, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған авторлық модель ұсынылады. Зерттеу Қазақстандағы табиғи қауіптерді оқыту мазмұны мен әдістемесінде теориялық басымдық сақталып, практикалық әрекет алгоритмдерінің жеткіліксіз қалыптасатынын көрсетеді. Бастапқы диагностика нәтижелері оқушылардың когнитивтік білім деңгейі орташа болғанымен, практикалық және психологиялық дайындық көрсеткіштері төмен екенін анықтады. Осы олқылықты жою мақсатында Жапония, Жаңа Зеландия және АҚШ тәжірибелерін салыстырмалы талдау негізінде алты компоненттен тұратын құзыреттілікке бағытталған оқыту моделі әзірленді. Модельдің ғылыми жаңалығы – табиғи қауіптерді аймақтық ерекшеліктерге бейімдеу, география пәнін қауіпсіздікке оқытудың интеграциялық өзегі ретінде қарастыру, практикалық симуляциялар мен психологиялық тұрақтылықты дамыту компонентін жүйелі енгізуінде. Ұсынылған модель Алматы қаласындағы №42 мектепте эксперименттік апробациядан өтті. Қайта диагностика нәтижелері эксперименттік топта теориялық білімнің тереңдегенін, практикалық әрекет алгоритмдерінің қалыптасқанын және төтенше жағдай кезіндегі психологиялық сенімділіктің артқанын көрсетті. Бұл модельдің тиімділігі білімді әрекетке айналдыру қабілетімен дәлелденді. Зерттеу нәтижелері география пәнінің мазмұнын функционалдық бағытта қайта құрылымдау қажеттігін негіздеп, білім беру жүйесін ақпараттық парадигмадан құзыреттілікке негізделген тәсілге көшірудің ғылыми-тәжірибелік негізін ұсынады. Ұсынылған тәсіл қауіпсіздік мәдениетін мектеп деңгейінде қалыптастыруға бағытталған нақты педагогикалық шешім ретінде қарастырылады.

Автор өмірбаяндары

  • Қабылбекова Ләззат Бахытқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    «8D01515-География» ББ PhD докторанты

  • Байдалиев Дархан Дәулетжанұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

  • Абдіманапов Бахадұрхан Шәріпұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    география ғылымдарының докторы, профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар