БОЛАШАҚ ФИЛОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Авторлар

  • Мейрбекова Гульнара Қайратбекқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-3509-2158
  • Сулейменова Жарқынбике Нуайқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-1891-2134
  • Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-1950-8686
  • Исаева Жазира Исақызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0001-9801-8943

DOI:

https://doi.org/10.52269/SKVC2622214

Кілт сөздер:

кәсіби сөйлеу мәдениеті, болашақ филологтар, цифрлық білім беру технологиялары, квазиэксперимент, педагогикалық шарттар

Аңдатпа

Бұл мақалада болашақ филологтардың кәсіби сөйлеу мәдениетін цифрлық білім беру технологиялары арқылы дамытудың педагогикалық шарттары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Moodle, Padlet, Speech Analyzer және ChatGPT құралдарына негізделген интеграциялық әдістемелік модельдің кәсіби сөйлеу мәдениетінің тілдік, коммуникативтік, этикалық және дискурсивтік компоненттеріне ықпалын квазиэксперименттік тұрғыдан бағалау. Зерттеуге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетінде оқитын 82 үшінші курс студенті қатысты. Қатысушылар бақылау тобына (n = 41) және эксперименттік топқа (n = 41) бөлінді. Екі топ та «Академиялық кәсіби сөйлеу мәдениеті» пәнін оқыды, алайда эксперименттік топта Moodle, Padlet, Speech Analyzer және ChatGPT құралдарын біріктірген интеграциялық әдістемелік модель қолданылды. Бағалау 5 балдық рубрика негізінде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топта кәсіби сөйлеу мәдениеті көрсеткіштерінің бақылау тобымен салыстырғанда айқынырақ өскенін көрсетті. Эксперименттік топтың жалпы ұпайы 11.70-тен 16.30-ға дейін артса, бақылау тобында бұл көрсеткіш 8.35-тен 9.70-ке дейін ғана өсті. ANCOVA нәтижелері топтар арасында статистикалық тұрғыдан мәнді айырмашылық бар екенін көрсетті (p < 0.001; partial η² = 0.465–0.593). Алынған нәтижелер цифрлық құралдарды кәсіби сөйлеу мәдениетінің нақты компоненттерін дамытуға бағытталған әдістемелік жүйе ретінде қолданудың тиімділігін айқындайды.

Автор өмірбаяндары

  • Мейрбекова Гульнара Қайратбекқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    PhD докторанты, қазақ филологиясы кафедрасы

  • Сулейменова Жарқынбике Нуайқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ тіл білімін оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры

  • Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, қазақ филологиясы кафедрасының доценті

  • Исаева Жазира Исақызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, қазақ филологиясы кафедрасының доценті

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар