МАХМҰД ҚАШҒАРИДЫҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕНБЕГІ – ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ЖАЗБА МҰРАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2541216Кілт сөздер:
ғалым, философ, этнограф, тарих, сөздік, тіл, саяхатАңдатпа
Мақалада Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк» атты энциклопедиялық еңбегіне негізделе отырып, түркі халықтарының тарихын зерттеуге байланысты мәселелер талданады. Тарихта өз халқының мәдени және білім беру дәстүрлерін қалыптастыруға, сондай-ақ рухани мұрасын дамытуға зор үлес қосқан көптеген тұлғалар белгілі. Солардың ішінде көрнекті ойшыл әрі ғалым Махмұд Қашғари (1029–1116) ерекше орын алады. Ол – «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») атты іргелі еңбектің авторы. XI ғасырда жазылған бұл еңбек түркі тілдерінің жоғары мәртебесі мен байлығын көрсетіп қана қоймай, түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен мәдениеті жөнінде бірегей мәліметтер береді, сол арқылы кейінгі зерттеулер үшін аса маңызды дереккөзге айналды. Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк» атты мұрасы түркітану ғылымында кеңінен зерттеліп келеді. Бұл еңбек түркі әлеміндегі теңдесі жоқ қазына саналып, алғаш жарық көрген кезінен бастап көптеген түркітанушылардың назарын аударды. Сөздіктің ашылуымен түркітануда бұрын беймәлім болып келген көптеген ғылыми мәселелердің шешімі табылды. Ең бастысы – түркі тілдерінің тарихи дамуын зерттеу жаңа арнаға түсті. Аталған сөздік тек тілдік деректерді ғана емес, сонымен қатар түркі халықтарының дүниетанымы, наным-сенімдері, дәстүрлері, өмір сүру қағидаттары мен құндылықтары туралы мол мәлімет қамтиды. Әсіресе Қашғаридің түркілердің мінез-құлқы, тұрмысы және бала тәрбиесі жөніндегі ой-пікірлері ерекше қызығушылық тудырады.

