АГРАРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ

Авторлар

  • Исмуратова Ғалия Суиндикқызы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0002-1834-1968
  • Ахметқали Таңсұлу Амангелдіқызы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0001-9494-7411
  • Тобылов Қуаныш Тобылұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG2541237

Кілт сөздер:

климаттық өзгерістер, ауыл шаруашылығы, экономикалық тұрақтылық, бейім-делу стратегиялары, аграрлық экономика, климаттық тəуекелдер, машина-трактор паркі, дəнді дақылдарды өсіру технологиясы

Аңдатпа

Мақалада қазіргі климаттық өзгерістердің және олардың салдарының кешенді экономикалық талдауы ұсынылған. Климаттық өзгерістердің үдей түсуі жағдайында ауыл шаруашылығы өндірістік үдерістердің белгісіздігінің артуымен сипатталады, бұл аграрлық сектордың тұрақтылығын арттыруға бағытталған ғылыми негізделген бейімделу стратегияларын қалыптастыруды талап етеді. Осы зерттеудің мақсаты – материалдық-техникалық базаны жаңғырту және өндірістік үдерістерді оңтайландыру негізінде ауыл шаруашылығын климаттық өзгерістерге бейімдеу стратегиясын әзірлеу және оның экономикалық негіздемесін жасау.

Зерттеу нысаны – климаттық трансформация жағдайындағы Қостанай облысының ауыл шаруашылығы өндірісі.

Зерттеу пәні – ауыл шаруашылығын климаттық өзгерістерге бейімдеудің экономикалық тетіктері мен құралдары.

Жұмыста климаттық факторлардың агротехникалық іс-шараларды жүргізу мерзімдеріне және ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық нәтижелеріне ықпалы талданған. Өндірістік тәуекелдерді төмендетуді және аграрлық жүйелердің тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз ететін бейімделудің негізгі құралы ретінде машина-трактор паркін жаңартудың тиімділігін бағалауға ерекше назар аударылған. Зерттеу барысында экономикалық-статистикалық талдау, салыстырмалы бағалау, экономикалық-математикалық модельдеу және сценарийлік болжау әдістері қолданылған.

Алынған нәтижелер жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасын енгізу егіс және жинау жұмыстарын жүргізу мерзімдерін едәуір қысқартуға, қолайсыз климаттық факторлардың теріс әсерін барынша азайтуға және өндірістің экономикалық қайтарымын арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Техниканы жаңартудың капитал сыйымдылығы жоғары болғанына қарамастан, бұл құралдың елеулі бейімделу әлеуетіне ие екендігі және жүйелі мемлекеттік қолдауды талап ететіні негізделген.

Зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылығын климаттық өзгерістерге бейімдеу бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеу кезінде, сондай-ақ аграрлық секторды мемлекеттік қолдау тетіктерін қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкін.

Автор өмірбаяндары

  • Исмуратова Ғалия Суиндикқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    экономика ғылымдарының докторы, бухгалтер есеп жəне басқару кафедрасының профессоры

  • Ахметқали Таңсұлу Амангелдіқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті

    Ph.D докторанты, Экономика жəне қаржы кафедрасының аға оқытушысы

  • Тобылов Қуаныш Тобылұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    экономика ғылымдарының кандидаты, Бухгалтер есеп жəне бас-қару кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Экономикалық ғылымдар