УНИВЕРСИТЕТТІҢ ОҚУ МАЗМҰНЫН АЙМАҚТЫҚ МAТЕРИАЛДАРМЕНТОЛЫҚТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Авторлар

  • Тажитова Гульжахан Зарубаевна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Курманаева Дина Қасымбековна Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Тусупова Гульден Кабдрашевна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ибрагимова Карлығаш Ералыевна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/

Кілт сөздер:

аймақтық көзқарас, оқу материалдарын әзірлеу, университетте оқыту, ұлттық құндылықтар, университеттің оқу мазмұны, аймақтық материалдар

Аңдатпа

Бұл мақалада университеттің оқу мазмұнына аймақтық материалдарына енгізудің маңыздылығы зерттелген. Аймақтық контекст білім беру үдерісінде белгілі бір аймаққа тән мәдени, тарихи, лингвистикалық, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктердің интеграциясын білдіреді. Бұл жергілікті мәдени және тарихи материалдарды енгізу студенттердің пәндік түсінігін арттырады, бірегейлігін сезінуге ықпал етеді және университет пен оның айналасындағы қауымдастық арасындағы қарым-қатынасты нығайтады. Бұл зерттеудің мақсаты – университетте ағылшын тілін оқытуда аймақтық материалдардың тиімділігін бағалау. Зерттеуде негізгі эмпирикалық әдіс ретінде педагогикалық эксперимент қолданылды. Эксперимент нәтижелері аймақтық материалдарды қолдану студенттердің мотивациясына, сондай-ақ олардың танымдық және коммуникативтік құзыреттіліктеріне оң әсер еткенін көрсетті. Сонымен қатар студенттер пәндік зерттеулерге оқу үдерісіне деген қызығушылықтарын арттырды және сабаққа белсене қатысты. Аймақтық материалдарды қолдану оқу тәжірибесін мағыналы және нақты өмірлік контексттермен тығыз үйлестірді, осылайша сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға және білімді іс жүзінде қолдануға ықпал етті. Эксперименттік нәтижелерді талдау аймақтық материалдарды оқу жоспарына енгізу жалпы білім беру сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар студенттердің мәдениетаралық құзыреттілігін дамытуға, мәдени әртүрлілікті бағалауға және аймақтық мұрамен қарым-қатынасқа ықпал ететіндігін растады. Біздің экспериментіміздің нәтижелері аймақтық мазмұнды оқу бағдарламасына енгізу студенттердің мәдениетаралық құзыреттілігін, мәдени әртүрлілікті түсінуін және жалпы білім беру сапасын жақсартумен қатар аймақтық тарихпен байланысын дамытатынын растайды.

Автор өмірбаяндары

  • Тажитова Гульжахан Зарубаевна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD, шетел тілдері кафедрасының доцент м.а

  • Курманаева Дина Қасымбековна, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD, шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Тусупова Гульден Кабдрашевна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Ибрагимова Карлығаш Ералыевна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    шетел тілдері теориясы мен тәжірибесі кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар