БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК РӨЛДЕР РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАУ: ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ КӨЗҚАРАСТАРЫН ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Жүзеев Серікхан Әлханұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті https://orcid.org/0000-0002-6552-9584
  • Әбікенов Жарқынбек Оралбекұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
  • Абуова Айнагүл Сакеновна Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
  • Жайлауова Манат Кеңесқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/

Кілт сөздер:

гендерлік теңдік, білім мазмұны, гендерлік репрезентация, дәстүрлі гендерлік стереотиптер, педагогикалық құндылықтар, PLS-SEM, гендерлік көзқарас

Аңдатпа

Қазіргі білім беру саласында гендерлік теңдік мәселесі жаһандық деңгейде өзектілігін арттырып отырған маңызды ғылыми бағыттардың бірі болып саналады. Зерттеудің мақсаты – оқытушылар мен студенттердің білім беру мазмұнындағы гендерлік рөлдер репрезентациясын қалай қабылдайтынын анықтау. Бұл қабылдаудың дәстүрлі гендерлік стереотиптермен, педагогикалық құндылықтармен және гендерлік теңдікке қатысты көзқарастармен өзара байланысын эмпирикалық тұрғыдан талдау. Зерттеу сандық әдіснамаға негізделіп, деректер 5 балдық Ликерт шкаласындағы сауалнама арқылы жинақталды және SmartPLS 4 бағдарламасында құрылымдық теңдеулерді модельдеу әдісімен (PLS-SEM) өңделді. Зерттеуге 227 респондент, оның ішінде 109 оқытушы және 118 студент қатысты. Құрылымдық модель төрт латентті конструкцияны қамтыды. Дәстүрлі гендерлік стереотиптер, педагогикалық құндылықтар, білім беру мазмұнындағы гендерлік репрезентацияны қабылдау және гендерлік теңдікке қатысты көзқарас. Алынған нәтижелер аталған конструкциялар арасында статистикалық байланыстар бар екенін көрсетті және олардың өзара байланысу сипатын эмпирикалық тұрғыдан нақтылауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге модельдің түсіндіру қабілетінің салыстырмалы түрде төмен болуы гендерлік ұстанымдардың қалыптасуы білім беру мазмұнымен ғана шектелмей, әлеуметтік-мәдени, институционалдық және тұлғалық факторлармен де байланысты болуы мүмкін екенін аңғартты. Зерттеудің ғылыми жаңалығы білім беру мазмұнындағы гендерлік репрезентацияны тікелей контенттік талдаудан өткізуден гөрі, оқытушылар мен студенттердің оны қабылдау ерекшеліктерін құрылымдық модель арқылы кешенді бағалауымен сипатталады. Зерттеудің практикалық маңызы алынған эмпирикалық нәтижелерді оқу материалдарын сараптау, педагог кадрларды даярлау, гендерлік сезімтал педагогикалық тәсілдерді жетілдіру және білім беру мазмұнын қайта қарау бағыттарында пайдалануға болатындығымен айқындалады.

Автор өмірбаяндары

  • Жүзеев Серікхан Әлханұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

    PhD, «Қазақ тілі, әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының жетекшісі

  • Әбікенов Жарқынбек Оралбекұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

    PhD, «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» секциясының жетекшісі

  • Абуова Айнагүл Сакеновна, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

    педагогика ғылымдарының магистрі, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы

  • Жайлауова Манат Кеңесқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламасының доценті

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар