АУЫЛ ШАРУАШАЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДИЗЕЛЬДІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ  ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН ТУРБОКОМПРЕССОР ҚАЛАҚШАЛАРЫНЫҢ БҰРЫШЫН ОПТИМИЗАЦИЯЛАУ

Авторлар

  • Рустембаев Арман Базарханович «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0002-1250-8034
  • Тунников Артем Алексеевич «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ
  • Кравченко Руслан Иванович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0009-0007-7456-9901
  • Золотухин Евгений Александрович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0009-0008-1305-5138

DOI:

https://doi.org/10.52269/SEPT2631204

Кілт сөздер:

дизельді қозғалтқышы, турбокомпрессор, кіріс бағыттаушы аппарат, шабуыл бұрышы, тиімділік, отын үнемділігі, заряд тығыздығы

Аңдатпа

Берілген зерттеу ММЗ Д-245.9 дизельді қозғалтқышының пайдалану тиімділігін турбонаддув жүйесін жетілдіру арқылы арттыруға бағытталған. Зерттеу нысаны – ТКР 6.1 центробежді компрессоры, оның конструкциясы RU2293220C2 патенті негізінде әзірленген реттелетін кіріс бағыттаушы аппаратымен интеграциялау арқылы жаңғыртылған. Жұмыста ауа ағынының алдын ала бұралуының жұмыс дөңгелегінің қалақшааралық арналарындағы ағыс құрылымына және ағын бөлігіндегі энергия алмасу параметрлеріне әсерін бағалау үшін математикалық модельдеу, термодинамикалық талдау және CFD-модельдеу әдістері қолданылды. Анықталғандай, компрессордың штаттық геометриясы номиналдық режимде +12,85° критикалық шабуыл бұрышымен сипатталады, бұл ағынның үзілуін, гидравликалық шығындардың өсуін және адиабаталық пайдалы әсер коэффициентінің төмендеуін туындатады. Параметрлік оңтайландыру нәтижесінде кіріс бағыттаушы аппарат қалақшаларының ұтымды орнату бұрышы (45°) айқындалды, ол ағынның соққысыз кіруін, ағыс құрылымының тұрақтануын және адиабаталық ПӘК-тің 16,1%-ға артуын қамтамасыз етеді. Термодинамикалық есептеулер наддув ауасының температурасының 16,7 К-ге төмендеуін және оның тығыздығының 0,65%-ға артуын көрсетті. Торапты кешенді аэродинамикалық жетілдіру қозғалтқыштың тиімді қуатын 5,4%-ға арттырып, меншікті отын шығынын 2,4%-ға төмендетуді қамтамасыз етеді, бұл әртүрлі климаттық жағдайларда пайдаланылатын көлік және ауыл шаруашылығы машиналары үшін жүргізілген зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын растайды.

Автор өмірбаяндары

  • Рустембаев Арман Базарханович, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    философия докторы (PhD), Инжиниринг және азық-түлік технологиялар институт директорының ғылыми-зерттеу жұмыстары және интернационалдандыру жөніндегі орынбасары

  • Тунников Артем Алексеевич, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ

    көлік техникасы және технология кафедрасының магистранты

  • Кравченко Руслан Иванович, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    философия докторы (PhD), аграрлық техника жəне көлік кафедрасының меңгерушісі

  • Золотухин Евгений Александрович, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    философия докторы (PhD), аграрлық техника жəне көлік кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары