ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДИАЛОГТІК СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Сақулова Ақбөпе Байбатырқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Калыкбаева Алмагул Жакановна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Боранбаева Ақтолқын Райысбекқызы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Танабаева Гульмира Тулебаевна Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/

Кілт сөздер:

диалогтік сөйлеу, қазақ халық ертегілері, сөйлеу тілі дамымаған балалар, сөздік қор, коммуникативтік дағдылар

Аңдатпа

Бұл мақалада сөйлеу тілі жалпы дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеуін дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі балалардың сөздік қорының шектеулілігімен, сөйлем құрау дағдыларының жеткіліксіздігі, сұрақтарға толық жауап бере алмауы және диалогтік қарым-қатынасқа түсу белсенділігінің төмендігімен негізделеді. Зерттеудің мақсаты – қазақ халық ертегілерін қолдану кезінде диалогтік сөйлеуді дамыту әдістемесінің тиімділігін анықтау. Міндеттері ретінде сөздік қорды байыту, байланыстырып сөйлеуді дамыту, диалогтік өзара қарым-қатынас жасау әрекеттерін қалыптастыру және диалогтік дағдыларын арттыру. Зерттеу жұмысы эксперименттік сипатта ұйымдастырылып, диагностикалық және интервенциялық кезеңдерді қамтыды. Диагностикалық кезеңде балалардың бастапқы сөйлеу деңгейі анықталса, интервенциялық кезеңде, бастапқы сөйлеу деңгейінде анықталған бұзылыстарды түзету мақсатында, арнайы педагогикалық ықпал ұйымдастырылды. Зерттеу барысында бақылау, әңгімелесу, ойын әдістері және арнайы тапсырмалар қолданылды. Әдіснамалық негіз ретінде диалогтік оқыту тәсілдері, құрылымдалған сұрақтар жүйесі және жауаптарды кеңейтуге бағытталған педагогикалық әрекеттер пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері балалардың сөздік қорының кеңейгенін, сөйлем құрау қабілетінің жақсарғанын, жауаптарының мазмұндылығы мен толықтығы артқанын және диалогтік қарым-қатынас белсенділігінің жоғарылағанын байқалды. Зерттеудің ғылыми құндылығы – диалогтік сөйлеуді дамытуға кешенді тәсіл ұсынуында, ал практикалық маңыздылығы – әдістемені мектепке дейінгі ұйымдар мен логопедиялық тәжірибеде тиімді қолдануға мүмкіндік беру.м

Автор өмірбаяндары

  • Сақулова Ақбөпе Байбатырқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторанты

  • Калыкбаева Алмагул Жакановна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD, аға оқытушы

  • Боранбаева Ақтолқын Райысбекқызы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    PhD, доцент міндетін атқарушы

  • Танабаева Гульмира Тулебаевна, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    филология ғылымдарының кандидаты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар