СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА КӨПЖЫЛДЫҚ ШӨПТЕР МЕН ШӨП ҚОСПАЛАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН АЗЫҚТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА КОМПОНЕНТТІК ҚҰРАМ МЕН ӨСУ СТИМУЛЯТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Саликова Жанат Ханатовна «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ
  • Байдалина Салтанат Есетовна «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ https://orcid.org/0000-0001-9755-7195
  • Богапов Ильдар Маратович «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ https://orcid.org/0000-0001-6667-281X
  • Байдалин Марден Ерсаинович «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеА https://orcid.org/0000-0001-6403-4662

DOI:

https://doi.org/10.52269/SEPT2631244

Кілт сөздер:

жоңышқа, қылтықсыз арпабас, эспарцет, көпжылдық шөп қоспалары, өсу стимуляторлары  

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік Қазақстан жағдайында компоненттік құрам мен өсу стимуляторларының көпжылдық шөптер мен шөп қоспаларының өнімділігіне және қоректік құндылығына әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеулер 2023–2025 жылдары жоңышқа мен қылтықсыз арпабастың біртүрлі егістерінде, жоңышқа мен қылтықсыз арпабас қоспаларында, сондай-ақ жоңышқа, қылтықсыз арпабас және эспарцеттен тұратын үш компонентті қоспаларда жүргізілді. Блэкджек, Миллерстарт, Аминомакс және Лидер-с препараттары қолданылды. Жасыл масса өнімділігі, құрғақ зат шығымы, шикі және қорытылатын протеин, жасұнық, алмасу энергиясы мен азық өлшемдерінің мөлшері анықталды. Шөп қоспалары арасында ең жоғары өнімділік Миллерстарт қолданылған жоңышқа 40% және қылтықсыз арпабас 60% нұсқасында алынды: жасыл масса өнімділігі 17,88 т/га, құрғақ зат шығымы 5,39 т/га құрады. Қоректік құндылықтың неғұрлым теңгерімді көрсеткіштері жоңышқа 50%, қылтықсыз арпабас 30% және эспарцет 20% қоспасында анықталды. Миллерстарт қолданылған кезде осы нұсқадағы шикі протеин мөлшері 2024 жылы 12,97%, ал 2025 жылы 13,09% болды. Корреляциялық талдау өнімділік, құрғақ зат шығымы және азықтың негізгі қоректілік көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты растады. Алынған нәтижелер шөп отының қажетті өнімділігі мен қоректік құндылығын ескере отырып, компоненттік құрам мен өсу стимуляторын бірлесіп таңдауды ұсынуға мүмкіндік береді.

 

Автор өмірбаяндары

  • Саликова Жанат Ханатовна, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының лектор ассистенті

  • Байдалина Салтанат Есетовна, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ

    PhD, ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Богапов Ильдар Маратович, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ

    PhD, ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Байдалин Марден Ерсаинович, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеА

    PhD, қауымдастырылған профессор (доцент), Ғылым және ғылыми кадрларды даярлау департаментінің басшысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары