Журнал туралы
"3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация" көпсалалы ғылыми журналының редакциялық саясаты
Мақсаты: Қазақстан, жақын және алыс шетел ғалымдарының ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, педагогикалық, филологиялық, тарихи, экономикалық, техникалық, заңдық және гуманитарлық-әлеуметтік бағыттар бойынша ғылыми білімдерін, зерттеу нәтижелерін тарату.
Көпсалалы ғылыми журнал докторанттардың, магистранттардың және ғылыми дәреже ізденушілерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялау және ілгерілету, сондай-ақ ғылыми нәтижелер мен зерттеу тәжірибесімен алмасу үшін құрылған, ғылыми ақпаратты таратудың, ғылымға жаңа зерттеушілерді тартудың аса маңызды функциясын орындайды, журналдардың мәселелік айдарлары теория мен практиканың өзекті мәселелері бойынша талқылауды бастайды.
Журналдың құрылтайшысы-университет, сондықтан басылым ұжымының алдында ғылыми қызметтің қоғамдық беделін арттыру, ғылым мен білім арасындағы байланысты нығайту міндеттері тұр.
Журнал басылымы ЖОО-ның ҚР және шет елдердің басқа жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелерімен шығармашылық байланыстарын дамытуға жәрдемдеседі. Редакциялық алқаның құрамына Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Италияның, Түркияның және басқа да шет елдердің белгілі ғалымдары кіреді, бұл отандық ғалымдардың өзара іс-қимылының ақпараттық кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Басылымның тілі – қазақ, орыс, ағылшын.
Басылымның жиілігі-жылына төрт рет.
Журнал ISSN халықаралық сериялық басылымдарды тіркеу орталығында (ЮНЕСКО, Париж, Франция) тіркелген.
"3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация" журналы кең ғылыми жұртшылыққа, ЖОО оқытушыларына, магистранттарға, студенттерге, мәдениет және білім қайраткерлеріне арналған.
- Журнал айдарлары:
- Ветеринария ғылымдары
- Ауыл шаруашылығы ғылымдары
- Педагогикалық ғылымдары