МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ МӘНМӘТІНДЕ ЖАРНАМАЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ВЕРБАЛДЫ ЖӘНЕ БЕЙВЕРБАЛДЫ КОДТАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_123

Кілт сөздер:

вербалды, вербалды емес кодтар, жарнамалық дискурс, мәдениетаралық мәнмәтін, жарнаманы оқыту

Аңдатпа

Бұл мақалада жарнама нарығының мәдениетаралық байланысы жағдайында жарнамашы студенттерді оқыту әдістемесі мәселесі қарастырылады. Қазіргі әлем – әртүрлі мәдениеттердің үздіксіз қақтығысы мен араласуы орын алатын орта. Геосаяси немесе экономикалық байланыстар барлық елдер мен халықтарды біріктіреді. Сонымен қатар, бұл жаһандану үрдісі бір мемлекет өз тауарын басқа елдерге жарнамалап, әлемдік нарыққа шығып, өнімін экспорттап, импорттаған кезде пайда болатын жарнаманы да айналып өтпейді. Бұл зерттеудің практикалық өзектілігін анықтайды. Оның үстіне, мақсатты аудиторияның мәдени шындықтарына сәйкес шетелдік тауардың жарнамасын жасау үрдісі байқалады. Жергілікті мәдениеттің вербалды және бейвербалды элементтері қолданылады.

Сондықтан студенттердің оқуын модернизациялау және өзгерту қажет. Бұл қажеттілікті өтеу мақсатында мақалада мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтінінде жарнамалық дискурстың вербалды және вербальды емес кодтарын оқыту әдісі моделін ұсынылады. Төрт деңгейлі сапалық көрсеткішке бағытталған модель студенттердің мәдениетаралық байланысы жағдайында жарнама құру құзіреттіліктерінің жоғарылауына септігін тигізді. Зерттеу нәтижесі студенттердің тілдік даярлығының ерекшелігі, әлемдік нарықта табысты және тиімді жарнамалық компания құру үшін ұлттық-мәдени қасиеттерді, тілдік шындықты, менталитет пен алған білімдерін дұрыс пайдалана білуге маңыздылығын көрсетті.

Автор өмірбаяндары

  • Жуманбаева Риза Оразгалиевна, КEАҚ «Торайғыров Университеті»

     Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің докторанты, КEАҚ «Торайғыров Университеті» аға оқытушы 

  • Еспекова Ләззат Әубәкірқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

    филология ғылымдарының кандидаты,  «Тіл білімі» кафедрасының профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-17

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар