БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_163Кілт сөздер:
экологиялық білім, құзыреттілік, оқыту, даярлау, кластерАңдатпа
Мақалада педагогикалық жоғарғы оқу орындарында биология мұғалімдерін даярлау барысындағы олардың экологиялық-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Қазіргі уақыттағы жаңа әлеуметтік-мәдени және экологиялық жағдай педагогтың экологиялық дағдарысты еңсерудегі рөлін және оның қызметінің мазмұнын айтарлықтай өзгертті, кәсіптік пәндік құзыреттілікті шегінен шығарып, жас ұрпақтың экологиялық білім беру нәтижелері үшін жауапкершілігін арттырып, білім беру саласындағы маманның жаңа кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырды. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері – биология мұғалімдерін даярлауда экологиялық-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру, жоғары оқу орнында оқыту кезеңінде экологиялық-зерттеу құзыреттіліктерін дамыту және қалыптастыру мәселелерін шешуде дәстүрлі экологиялық-педагогикалық білім беру жүйесінің елеулі кемшіліктерін бөліп көрсету. Авторлар білім алушылардың экологиялық-зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру барысында кластерлік талдау әдісін қолданған. Экологиялық-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін шешу болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың инновациялық практикасы арқылы да, әртүрлі педагогикалық тұжырымдамалар, теориялар, тәсілдер арқылы ғылыми қамтамасыз ету құралдары арқылы да жүзеге асырылады. Зерттеудің нәтижелерін талдау жоғарғы оқу орындарында оқу кезеңінде экологиялық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту және қалыптастыру мәселелерін шешуде дәстүрлі экологиялық-педагогикалық білім беру жүйесінің елеулі кемшіліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Экологиялық-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру тұжырымдамасын тәжірибелік-эксперименттік тексеру оның негізгі ережелерін растады және оны сәтті жүзеге асырудың негізгі шарттарын анықтауға мүмкіндік берді.