ЖАСЫМЫҚТЫҢ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ҮШІН КЛАСТЕРЛІК ТАЛДАУДЫ ҚОЛДАНУ (Lens culinaris Medik)
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_53Кілт сөздер:
жасымық, кластерлік талдау, бұршақ дақылдары, коллекция, өнімділік, селекция, құнды қасиеттердің қайнар көзіАңдатпа
Мақалада 2021-2023 жж «А.И. Бараев атындағы АШҒЗИ» ЖШС-нің егістік алқаптарында өсірілген жасымықтың экономикалық құнды белгілерін зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу объектілері ретінде VIR, ICARDA және шетелдік селекциядан алынған жасымықтың генетикалық коллекцияларынан алынған 100 сорт (Түркия, Канада, Болгария, Молдова, Украина, Беларусь) болды. Ірі тұқымды жасымық үшін қабылданған стандарттар Шырайлы сорты, ал ұсақ тұқымды жасымық үшін Крапинка сорты болды. Зерттеу нәтижесінде Солтүстік Қазақстан жағдайындағы жасымықтың жеке шаруашылық құнды белгілерінің қайнар көздері анықталды. Маңызды экономикалық құнды белгілері бойынша негізгі компоненттерді иерархиялық кластерлеу әр түрлі асыл тұқымды құндылығы бар бес топтың болуын анықтады. Тәжірибелік және селекциялық тұрғыдан ең перспективалы болып бірінші кластерге жататын үлгілер қарастырылуы керек, оларда оңтайлы өнімділік және бір өсімдіктегі тұқым салмағы сияқты сандық белгілердің максималды көрінісі бар. Екінші кластер өнімді және ерте пісетін үлгілерді біріктірді, ал үшінші кластердің үлгілері жоғары ақуызды көздер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Төртінші және бесінші кластерлердің жасымық үлгілері жасымықтың жаңа сорттарын жасау үшін перспективті бастапқы материал бола алады.