NO-TILL ТЕХНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ГЕРБИЦИДТІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Елеуов Бағлан Мұратұлы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Калимов Ниязбек Ерханович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Жарлыгасов Женис Бахытбекович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Нугманов Алмабек Батыржанович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_2_46

Кілт сөздер:

нөлдік технология, гербицид, өсімдіктерді қорғау, арамшөптер, жаздық бидай

Аңдатпа

Мақалада no-til технологиясындағы гербицидтің биологиялық және экономикалық тиімділігі анықталды. Зерттеулер 2019-2021 жылдар аралығында Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречное ауылындағы «Заречное «Ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-нің нөлдік технологиямен өңделетін тәжірибелік танабында жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – алынған өнімге гербицидтердің әсерін анықтау болып табылады. Міндеттері: нөлдік технологиясымен өсірілген жаздық бидай егістері орналасқан Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречное ауылындағы «Заречное «Ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-нің тәжірибелік учаскісінің орташа ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері және орташа ауа ылғалдылығының көрсеткіштерін (он күндік пен оның орташа сомасы есебімен) зерттеу және талдау, сонымен қатар бір жылдық қосжарнақты, соның ішінде 2,4-Д және 2М-4Х-қа төзімді және кейбір көпжылдық қосжарнақты арамшөптеріне қарсы гербицидтің (2,4-Д (2-этилгексил эфирі) 410 г/л + флорасулам 7,4 г/л) әртүрлі дозаларының биологиялық және экономикалық тиімділігін анықтау. Масақтарды жинау және бастыру 2 есе қайталап жүргізілді. Егін мемлекеттік стандартқа сәйкес өнімнің стандартты ылғалдылығына келтіріліп ц/га-ға қайта есептелді. Нөлдік технологиясымен өсірілетін жаздық бидай егістерінің ауа-райының ерекшеліктері және бір жылдық қосжарнақты, соның ішінде 2,4-Д және 2М-4Х-қа төзімді және кейбір көпжылдық қосжарнақты арамшөптеріне қарсы гербицидтің тиімділігі егжей-тегжейлі көрсетілген.

Автор өмірбаяндары

  • Елеуов Бағлан Мұратұлы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, 6D080100 – Агрономия мамандығы бойынша докторантураның білім алушысы

  • Калимов Ниязбек Ерханович , «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Агрономия кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а.

  • Жарлыгасов Женис Бахытбекович, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, зерттеулер, инновациялар және цифрландыру жөніндегі проректор

  • Нугманов Алмабек Батыржанович , «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті» КЕАҚ

    ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары