ЖОҢЫШҚА ӨСІНДІЛЕРІН БИОПРЕПАРАТТАРМЕН ВЕГЕТАЦИЯ БОЙЫНША ТАМЫРДАН ТЫС ӨҢДЕУДІҢ ТҰҚЫМ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_2_55Кілт сөздер:
жоңышқа, биопрепараттар, жапырақты өңдеу, шаруашылық жарамдылығы, тұқым өнімділігіАңдатпа
Бұл мақалада Biosleepbw+Foliar,OrgamicaS+Foliar, (OrganitP+OrganitN+Biodux+Foliar) және Foliar биопрепараттарының вегетация бойынша тамырдан тыс өңделген жоңышқа тұқымдарының өнімділігіне әсері бойынша зерттеу нәтижелері қарастырылады. Жоңышқа өсіру бойынша зерттеулер тәжірибенің бес нұсқасы бойынша қарапайым қара топырақта жүргізілді. 2022-2023 жылдардағы гидротермиялық коэффициенттің (ГТК) шамалары тиісінше 0,73–0,76 құрады, бұл құрғақ болып табылады. Осы уақытта бүршіктену және гүлдену кезеңінде жауын–шашынның жетіспеушілігі байқалды, бұл тұқым өнімділігіне теріс әсер етті.
Биопрепараттардың құрамы Мortierella alpine саңырауқұлақтарының биологиялық белсенді полиқанықпаған май қышқылдары кешенінең құрастырылған, тұтыну нормасы 3,0 – 10,0 мл/га және Вeauveria bassiana, Bacillus megaterium – amyloliguefaciens штаммдарының спораларымен, шығын нормалары бойынша 1-3 л/га, жұмыс ерітіндісінің шығыны-300 л/га.
Зерттеулер көрсеткендей, қолданылатын биопрепараттар тұқымның себу сапасын жақсартады. 1000 тұқымның массасы практикалық ең тұрақты белгі ретінде өзгермейді, сонымен бірге тұқымның шаруашылық жарамдылығы 79,2% – дан 84% – ға дейін артады, нәтижесінде жоңышқа тұқымының өнімділігі 10-20% – ға артады. Тұқым өнімділігі бойынша ең тиімділері Orgamica S+Foliar (2,0 ц/га), Foliar (1,86 ц/га) препараттары және OrganitP+OrganitN+Biodux+Foliar (1,82 ц/га) болды. Өнімділік көрсеткіштері бақылау нұсқасынан сәйкесінше 0,37, 0,28 және 0,05 ц/га-ға артық.