АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА АСБҰРШАҚ ДАҚЫЛЫНЫҢ (PISUM SATIVUM L.) ЗИЯНКЕСТЕРІ ЭНТОМОФАГТАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУ ЖИІЛІГІ МЕН БИОЭКОЛОГИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_133Кілт сөздер:
Асбұршақ дақылы, зиянкестер, энтомофагтар, фитофагтар, бұршақ бітесі, түйнек бізтұмсығы, биологиялық күресу шараларыАңдатпа
Ақмола облысы жағдайында, бұршақ дақылының зиянкестері бұршақ бітесі мен түйнекті бізтұмсықтың жаппай көп кездескен энтомофагтары анықталды. Олардың санының ауытқуы, экологиялық жағдайлардың энтомофагтарға әсер ету дәрежесіне байланысты биологиялық ерекшеліктері зерттелді, сонымен қатар энтомофагтардың тиімділігі негізделді. Зерттеу нәтижелері негізінде, зиянкес түйнекті бізтұмсықтардың санын басуда жыртқыш майда қоңыздардың ішінен энтомофагтардың басым, өте маңызды, тиімді топтары анықталды. Олар: Bembidion femoratum, V. quadrimaculatum, V. lampros, Microlestes minutulus. Ал, бұршақ бітесінің энтомофагтары қатарына бұршақ дақылының әртүрлі өсу кезеңдерінде кездесетін, экологиялық жағдайларға бейімделген, көп кездесетін (Syrphidae тұқымдасының түрлері: Syrphus ribesii L, S. corollaeR, S. Balteatus Deg., Sphaerophoha sp.; Coccinellidae: Coccinella septempunctata L, С quinguepunctata L, Propylaea quatuordecinpunctata L, Hippodamia tredecimpunctata L, Adonia variegata Goeze., C. trifasciata L, Chrysopidae: Chrysopa carnea Steph., Ch. semptempunctata). Сонымен қатар, фитофагтар мен энтомофагтардың маусымдық динамикасы мен биоэко-логиясы зерттелді. Аймақтағы бұршақ дақылының бұршақ бітесі зиянкестерінің кокцинеллид (Coccinellidae) туысының үш түрі табылды, ал, түйнекті бізтұмсық зиянкестерінің 4 түрлі жыртқыш майда қоңыздары анықталды. Ақмола облысы, Шортанды ауданы жағдайында бұршақ дақылының зиянкестерінің энтомофагта-рының тиімділігіне биоэкологиялық негіздеме берілді.