КАТОН-ҚАРАҒАЙ МҰТС БҰҚТЫРМА ӨЗЕНІНІҢ ЖАЙЫЛМАСЫНДА ӨСЕТІН АҚ ТАЛДЫҢ (SALIX ALBA L.) МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ РЕАКЦИЯЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_114Кілт сөздер:
ақ тал, жайылма ормандар, Катон-қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи қоры, хлорофилл, өміршеңдік жағдайыАңдатпа
Мақалада Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағындағы өсетін ақ талдың (Salix alba L.) бейімделгіш морфологиялық реакциялары қарастырылған. Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында (МҰТС), жалпы ауданы 5,9 га болатын сынақ алаңдарында орман экожүйелеріне зерттеулер жүргізілді. Бірінші қабаттағы ағаш жамылғысының құрамына ақ тал (Salix alba L.) және ілгек жапырақты қайың (Betula pendula) кіреді, олардың орташа дің диаметрі 16,1 см, орташа биіктігі 4,3 м. Аталған аймақтағы ақ талдың өміршеңдік жағдайы «сау» деп бағаланады, салыстырмалы өміршеңдік индексі (СӨИ) 87,5%-ды құрайды. Жапырақтардағы а хлорофилл мөлшері 0,55-тен 0,6 мг/г шикі массаға дейін, b хлорофилл — 0,11-ден 0,14 мг/г дейін, каротиноидтар — 0,13-тен 0,14 мг/г дейін ауытқиды. Топырақ жағдайлары А горизонтындағы жылжымалы қоректік элементтердің жоғары мөлшерімен сипатталады: сілтілі гидролизделетін азот 99,13 мг/кг, жылжымалы фосфор қосылыстары 22,7 мг/кг және алмасу калийі 160,8 мг/кг). Топырақ ортасының реакциясы негізінен бейтарап рН 6,76, ал жоғарғы қабатындағы гумус мөлшері 5,41 %. Зерттеу нәтижелері Бұқтырма өзені жайылмасындағы орман жамылғылары мен топырақтың жоғары биоэкологиялық жағдайын растайды, бұл экожүйелердің одан әрі мониторингі мен сақталуы үшін маңызды болып табылады.