БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН УНИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_189Кілт сөздер:
бас қаһарман, батырлар жыры, батырлар портреті, визуалдау, унификациялауАңдатпа
Мақалада батырлар жырындағы кейіпкерлер бейнесін унификациялау, визуалдау мәселелері, олардың маңызы мен алғышарттары қамтылған. Бүгінгі таңда қолда бар өнімдердегі, атап айтқанда кітап иллюстрациялары мен картиналардағы, анимациялар мен ескерткіштердегі бір батырдың бейнесін берудегі әркелкілік және оның сол батырды әйгілендіру, танымал етуге тигі-зетін кері әсері талданады. Батыр болмысын типтік бейне ретінде сомдаудың, олардың жалқы-лық сипаттарын аша алмаудың салдары санамалап беріледі. Мақалада «Алпамыс батыр» және «Қобыланды батыр» жырларының негізінде бас қаһарманды визуалдау барысында баса назар аударуға тиісті детальдар нақты тұжырымдармен дәлелденеді. Жырдан батырдың мінез-құлқын, болмыс-бітімін, сыр-сипатын беретін нақты үзінділер келтіре отырып, батырдың келбетінде болуға тиісті штрихтер ашылады. Балалардың көркем шығарманы түсініп қабылдауына иллюстра-цияның әсері туралы ой қозғалып, батыр бейнесін ұрпақ жадына сіңірудің тәрбиелік мәні ашылады.