АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӘДІСТЕР ЖӘНЕ AGILE-ӘДІСТЕМЕЛЕР

Авторлар

  • Базарбаева Айнур Маратовна Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Cалгараева Гульназ Ибрагимовна Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP252218

Кілт сөздер:

практикаға бағытталған оқыту, Agile-әдіснамасы, жоғары білім беру , сандық әдіс, онлайн сауалнама, статистикалық талдау

Аңдатпа

Осы зерттеу жұмысы аясында ақпараттық технологиялар саласында мамандар даярлайтын кафедраларда жұмыс істейтін Қазақстанның жоғары оқу орындарының 102 оқытушысы арасында сандық онлайн-сауалнама жүргізілді. Онлайн сауалнамаға Алматы, Астана сияқты ірі қалаларды және Батыс Қазақстан облысын қоса алғанда, Қазақстанның 11 өңірінен респонденттер қатысты, ал қалған өңірлер қатысушылардың жалпы санының азшылығын құрады. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты оқытушылардың практикаға бағытталған әдістерді қолдану дәрежесін анықтау, сондай-ақ осы әдістердің білім беру процесі мен жұмысқа орналасудың әртүрлі аспектілеріне әсері туралы пікірлерін анықтау болды. Сонымен қатар, зерттеу оқытушылардың кәсіби қызметінде Agile әдіснамаларын білу және қолдану деңгейін анықтады. Мұндай әдіснамалар IT индустриясында кеңінен қолданылады және студенттерге жоғары білім беру саласында тиімділікке ықпал етуі мүмкін. Зерттеу нәтижелері болашақтағы зерттеулерге негіз бола алатын құнды ақпарат берді. Мысалы, практикалық бағыттағы әдістердің кеңінен қолданылатыны, ал кәсіби қызметте Agile әдіснамаларының қолданылу деңгейі төмен екені анықталды. Бірақ Agile әдіснамаларын білу мен қолдану арасындағы анықталған корреляция осы әдіснамаларды оқытушылық қызметте қолдануды насихаттауға және арттыруға негіз береді. Сондай-ақ оқытушылардың бұл әдістердің кәсіби қызметке дайындыққа, практикалық дағдыларды дамытуға, мотивацияны арттыруға, сыни ойлауға және басқа да аспектілерге әсері туралы пікірі анықталды.

 

 

Автор өмірбаяндары

  • Базарбаева Айнур Маратовна, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    Информатика кафедрасының PhD докторанты

  • Cалгараева Гульназ Ибрагимовна, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    техника ғылымдарының кандидаты, профессор, физика, математика және цифрлық технологиялар институтының директоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар