ЕКІ ҚЫРЛЫ СЫНА ӘСЕРІНЕН ТОПЫРАҚ ҚАБАТЫНДАҒЫ КЕРНЕУДІ АНЫҚТАУДЫҢ ГРАФО-ТАЛДАМАЛЫҚ ӘДІСІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_44Кілт сөздер:
екі қырлы сына, кернеу, топырақтың деформациясы, графо-талдамалық әдіс, J. Boussinesg теңдеуіАңдатпа
Топырақ қабатындағы кернеудің таралу процесін зерттеу жалпы топырақ өңдейтін машиналарды және әсіресе топырақ өңдейтін жұмыс органдарын жобалаудағы маңызды кезең болып табылатыны көрсетілген. Топырақ қабатындағы кернеулердің таралу аймағы мен топырақ өңдейтін жұмыс құралдарының параметрлері арасындағы заңдылықтарды тәжірибелік түрде анықтау еңбекті көп қажет ететін процесс және тәжірибелердің жалпы санын барынша азайту үшін бұл процесті алдын ала математикалық модельдеу орынды екендігі атап өтілген. (Зерттеудің мақсаты). Теориялық зерттеу сатысында екі қырлы сынаның алдындағы кернеудің таралу аймағы мен оның параметрлері арасындағы заңдылықты анықтауға мүмкіндік беретін графо-талдамалық әдісті әзірлеу. (Материалдар мен әдістер). Зерттеулер жүргізу кезінде классикалық және егіншілік механикасының ережелері пайдаланылды. Әдістеменің негізіне математикалық модельдеу, абстракциялау, талдау және синтез сияқты ғылыми таным әдістері алынды. (Нәтижелері және талқылау). Ұсынылған J.Boussinesg теңдеуінің негізінде екі қырлы сынаның әсерінен топырақ қабатында пайда болатын кернеуді анықтау үшін графо-талдамалық әдіс әзірленді, ол екі қырлы сына параметрлерінің әсерін және топырақтың физикалық-механикалық сипаттамаларын ескереді. Ұсынылған графо-талдамалық әдіс топырақ өңдеуші жұмыс органдарын жобалау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, теоретикалық зерттеу сатысында жалпақ кесетін жұмыс құралының қашауының асып кетуін негіздеу. (Қорытынды). Екі қырлы сынаның ұзындығы мен деформацияланатын топырақтың жалпы алаңы арасында тікелей пропоционалды тәуелділік бар екені анықталды. Мысалы, екі қырлы сынаның ұзындығы 83 пайызға (0,05-тен 0,30 метрге дейін) ұлғайған кезде деформацияланатын топырақтың ауданы 80 пайызға (0,02-ден 0,10 шаршы метрге дейін) ұлғайды.