АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МИКРОБҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРДІҢ ШИКІ ЕТ ҚҰРАМЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН АНЫҚТАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_40Кілт сөздер:
антибиотиктер, дәлелді зерттеуші (Randox), ет өнімдері, шұжықтарАңдатпа
Микробқа қарсы препараттар мал шаруашылығында маңызды дәрілер болып табылады. Дегенмен, оларды ұзақ мерзімді пайдалану салдарынан антибиотиктерге бактериялық төзімділіктің пайда болуы және олардың таралуымен қоса көтпеген кері әсері болуы мүмкін. Препараттарды қолдану мерзімінен алып тастау шараларын қадағаламау салдарынан микробқа қарсы препараттар қалдықтары азық-түлік өнімдерін өндіру тізбегіне еніп, тұтынушыларда тікелей уыттылық пен аллергия тудырады.
Біздің зерттеуіміз бойынша Ақмола облысындағы ет және ет өнімдерінің құрамындағы антибиотиктердің мөлшерін қазіргі заманауи дәлелді зерттеуші (Randox) жүйесін пайдалана отырып бақыладық. Нәтижесінде жылқы, қой, шошқа етінің құрамында антибиотиктер жоқ және тұтынуға қауіпсіз екені анықталды. Алайда, сиыр және құс етіндегі антибиотиктердің мөлшері кейбір жағдайларда ШРК-нен 2 есеге асады, аталмыш көрсеткіш бойынша еттің бұл түрін тұтынуға қауіпті екенін көрсетеді. Осы ретте қолданбалы талдау жүйесінің сезімталдығы жоғары және төмен еңбек сыйымдылығын көрсететіні анықталды. Алынған нәтижелер бойынша ет және ет өнімдеріне бақылау деңгейінің төмен екенін және жануарлар мен құстарды өсіруде антибиотиктерді шектен тыс пайдаланылғаны анықталды.