ЖАЙЫЛЫМДАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ЖАҚСАРТУ ҮШІН ДӘНДІК ЖӘНЕ БҰРШАҚ ЖЕМШӨП ДАҚЫЛДАРДЫҢ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Токушева Асель Салимжановна НАО «Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы» https://orcid.org/0000-0003-3636-8117
  • Нугманов Алмабек Батыржанович НАО «Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы»
  • Ысқақ Алия НАО «Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы»
  • Шлтуова Гульшар Жангельдиевна НАО «Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы»

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_140

Кілт сөздер:

жемшөп өсімдіктері, деградация, ауа райы жағдайлары, дәнді-бұршақ қоспалары, өнімділігі

Аңдатпа

Бұл мақалада Қостанай облысындағы жайылымдардың жағдайын жақсарту үшін көптүрлі агрофитоценоздардың өнімділігін зерттеу нәтежелері берілген. Қоспадағы жем-шөп дақылдары ауыл шаруашылығы малдарының жайылымдық жерлерді ұзақ пайдалануы үшін қысқы төзімділігі жағынан неғұрлым тұрақты болып табылатын аймақтың климаттық жағдайларына сәйкес таңдалды. Жайылым өнімділігін арттыруға бағытталған дәнді-бұршақты дақылдар қоспаларымен жүргізілген, дала тәжірибелерінің зерттеу әдістемесі мен нәтижелері сипаттлған. Вегетациялық кезеңде, 2024 жылдың мамыр айынан бастап тамыз айына дейін орташа айлық жауын-шашын мен ауа температурасын қоса алғанда, метеорологиялық деректер жиналды. Агрохимиялық топырақ талдаулары қарашіріктің мөлшері 3,69 %-дан 4,47 %-ға дейін болатын тәжірибелік нұсқаларда да жүргізілді. Зерттеу барысында дәнді-бұршақ шөп қоспаларының өсуі мен дамуы сияқты көрсеткіштер ескерілді, олар дақылдардың түрлері бойынша әрбір өсімдіктің тығыздығын есептеу және биіктігін өлшеу арқылы анықталды. Шөп қоспаларының өнімділігін бағалау үшін шабақтар шабылды, өлшенді және түрлері бойынша ауа құрғақ күйіне дейін кептірілді. Нәтижелер бойынша ең жоғары өнімділік дәнді және бұршақ дақылдарының қоспасы болды, атап айтқанда еркешөп-жоңышқа-қылтықсыз арпабас нұсқасында көрсеттілді. Алынған зерттеу нәтижелеріне, аймақтың ауа райы жағдайлары әсер етті.

Автор өмірбаяндары

  • Токушева Асель Салимжановна, НАО «Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы»

    магистр сельскохозяйственных наук, старший преподаватель кафедры агрономии

  • Нугманов Алмабек Батыржанович, НАО «Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы»

    кандидат сельскохозяйственных наук, декан факультета сельскохозяйственных наук

  • Ысқақ Алия, НАО «Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы»

    кандидат сельскохозяйственных наук, директор научно-исследовательского института прикладной биотехнологии

  • Шлтуова Гульшар Жангельдиевна, НАО «Костанайский региональный университет имени Ахмет Байтұрсынұлы»

    магистр сельскохозяйственных наук, преподаватель кафедры агрономии

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-01-10

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары