БИОРЕАКТОРДА ТЕРЕҢ ӨСІРУ КЕЗІНДЕ BRUCELLA MELITENSIS REV-1 ШТАММЫНЫҢ ҚОРЕКТІК ОРТАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269//22266070_2025_1_86Кілт сөздер:
бруцеллез, терең өсіру, биореактор, Brucella melitensis Rev-1, жинақтау кинетикасы, өсіру ортасы, өндірістік процестерді оңтайландыруАңдатпа
Бруцелла түрлері тудыратын ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі Қазақстан Республикасына жыл сайын орасан зор экономикалық залал келтіретін зооноздық аурулардың бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты биореакторда терең культивирлеу технологиялық процестерінде қоректік ортаға салыстырмалы талдау жасау, B. Melitensis REV-1 штаммын өсірудің өсу факторларын және кинетикасын бағалау, өсім қисықтарын құру болды.
Алынған нәтижелерге сәйкес қоректік орталар және олардың құрамы бруцеллалардың жинақталу кинетикасына әсер ететін шешуші факторлардың бірі болып табылады. Қоректік ортаның түріне және құрамына байланысты b. melitensis REV-1 штаммы өсіру циклін әр түрлі өтеді. Стандартты өсіру ортасын (бақылау ортасын) қолданған кезде жинақтау шыңы 3х106 кл/см3 құрайды, стандартты S-тәрізді өсу қисығы байқалады. № 1 композицияны қолданған кезде жинақтау шыңы 4х106 кл/см3 құрайды, логарифмдік фазаның үдеуімен стандартты S-тәрізді өсу қисығы байқалады. № 2 композицияны қолданған кезде жинақтау шыңы 5х106 кл/см3 құрайды, логарифмдік фазаның үдеуімен және стационарлық фазада баяулауымен стандартты S-тәрізді өсу қисығы байқалады. № 3 композицияны қолданған кезде жинақтау шыңы 5х106 кл/см3 құрайды, логарифмдік фазаның үдеуімен және стационарлық фазада баяулауымен стандартты S-тәрізді өсу қисығы бар.
Зерттеуде бруцеллалардың өсуі мен жинақталу кинетикасын талдау үшін микробиологиялық және биотехнологиялық әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижелерін биореакторларда терең өсіру әдістерін қолдану кезінде бруцеллалардың өсуін математикалық модельдеуде қолдануға болады, бұл ветеринариялық иммунобиологиялық препараттар мен диагностикалық тест-жүйелердің тиімділігін арттыруға және өндірісін жетілдіруге мүмкіндік береді.