БІЛІМ БЕРУДЕ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2532176Кілт сөздер:
нейрондық желі, білім беру, білім берудегі нейрондық желілер, жасанды интеллект, Білім алушыларАңдатпа
Бұл мақалада жасанды интеллект пен нейрондық желілердің білім беру ортасына әсері жан-жақты қарастырылады. Негізгі назар қазіргі білім беру жүйесіндегі нейрондық желілердің рөліне аударылып, оларды алған білім сапасына нұқсан келтірместен оқу бағдарламаларына тиімді кіріктіре алатын заманауи құралдар ретінде пайдалану ұсынылады. Білім беруде нейрондық желілерді қолдануға байланысты қарсылық пен алаңдаушылық факторлары және оны пайдаланудың артықшылықтары туралы мәселе қозғалған. Білім беруде нейрондық желілерді қолдануға арналған бағдарламалық жасақтамалар мен онлайн платформалардың қызметі айтылған. Білім беру ортасында білім алушылардың ғылыми жұмыстар мен тапсырмалар орындау кезінде нейрондық желілерді қаншалықты қолдануына сауалнама жүргізілген және оның қорытындысы талданған. Цифрландыру аясында нейрондық желіні білім берудің пайдалы және тиімді құралы ретінде қарастыруға болатыны, өйткені бұл нейрондық желі Интернет желісіндегі көптеген мәтіндер мен ақпараттарды, соның ішінде білім беру ресурстары арқылы автоматты түрде оқып, өңдей алатыны айтылған. Оларды белгілі бір мәселелерді шешу үшін қолдануға болатындығын есте ұстау керек. Білім беру саласында нейрондық желінің қолданылуын бақылап, білім алушыларға алынған ақпаратты сыни тұрғыдан және жауапкершілікпен қолдануға үйрету қажет.