ТІЛДІК ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_166

Кілт сөздер:

тілдік тұлға, педагогика, вербалды коммуникация, семантика, прагматика, абстракция

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі тіл білімі ғылымының антропоөзекті бағытымен сипатталатын семантикалық зерттеулердің тереңдеуімен ерекшеленеді. Авторлар тілді ой-санамен, мәдениетпен және адамның тұрмыс-тәжірибелік қызметімен байланыста зерттеу қажеттілігіне баса назар аударған. Мақалада «тілдік тұлға» терминінің шығу және зерттелу тарихы, анықтамалары мен ғалымдардың еңбектері қарастырылған. Й.Л.Вайсгербер, В.В.Виноградов, Г.И.Богин, Ю.Н.Караулов, В.П.Конецкая т.б. зерттеушілердің тілдік тұлға мәселесіне қатысты тұжырымдары талданып, сарапталған. Зерттеудің мақсаты: тілдік тұлғаның деңгейлерін анықтау, коммуникация теориясымен байланысын дәлелдеу, әлеуметтік лингвистикадағы сипаттамаларын қарастыру, лингводидактиканың басты ұғымы ретіндегі қызметін талдау. Тілдік тұлғаны зерттеудегі абстракцияның деңгейлері мен бұл ұғымның вербалды-семантикалық өлшемін айқындау еңбектің құндылығын айқындайды. Теориялық маңыздылығы ретінде тілдік тұлға моделінің құрылымдық деңгейлерін жасауда, жалпытілдік әлем бейнесіндегі тілдік тұлғаның этномәдени немесе ұлттық ерекшеліктерін тереңірек зерттеуін атап өтуге болады. Зерттеудің іс-тәжірибелік маңыздылығы тілдік тұлға мәселесінің коммуникация теориясымен байланысты пәндерде – лингвистика, психолингвистика, психология, әлеуметтік лингвистика, әлеуметтік антропологияда кеңінен қарастырылуымен ерекшеленеді. Тілдік тұлға термині лингвистикадағы жүйе құраушы, өзекті ұғым болғандықтан, қазіргі өзекті зерттеулердің негізгі арқауына айналып, тіл білімі ғылымына зор үлес қосатыны анық.

Автор өмірбаяндары

  • Есимбекова Динара Болатовна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    PhD докторанты

  • Аманжолова Арайлым Аламановна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    PhD докторанты

  • Асылова Раушан Омаровна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының оқытушы-дәріскері

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-01-10

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар