ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ РИНОТРАХЕИТІНЕ СЕРОПРЕВАЛЕНТТІЛІК: 2021-2022 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРАЛУ ДИНАМИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_16Кілт сөздер:
инфекциялық ринотрахеит, ірі қара, Аlphaherpesvirus, BoHV-1, герпесвирусАңдатпа
Мақалада 2021-2022 жылдар аралығында Қазақстанның Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ірі қара мал инфекциялық ринотрахеиті (ІҚМ ИРТ) қоздырғышына серологиялық зерттеу жұмыстардың нәтижелері берілген.
Деректер иммуноферментті талдау (ELISA) әдісі бойынша жануарлардың қан сарысуындағы BoHV-1 вирусына телімді антиденелерді анықтау барысында жиналды. 2021-2022 жылдар аралығында 582 ірі қара мал басы зерттелсе, оның ішінде 497-сінде (85,4%) BoHV-1 вирусына телімді антиденелер бары анықталған. Ал, 2021 жылы зерттелген мал басынан 365-і (87,5%) оң нәтиже көрсеткен, ең жоғары серопреваленттілік Павлодар облысында тіркелді, мұндағы 154 мал басы толығымен вирусқа телімділігі анықталды.
2022 жылы зерттеу барысында 165 ірі қара мал басы қамтылды, оның ішінде 132-сі (80%) вирусқа оң нәтиже көрсетті. Ал, Ақмола облысы бойынша серопреваленттілік телімділіктің жоғары деңгейі анықталды (95,6%), Павлодар облысында 80%, Қостанай (45%) мен Солтүстік Қазақстан (56,7%) облыстарында керісінше серопреваленттілік деңгейінің төмендеуі тіркелді.
Зерттеу нәтижелері бойынша 2021 жылы Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында ІҚМ ИРТ қоздырғыш көрсеткіштерінің белең алғанын алға тарта отырып, шаруа қожалықтарында тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігін атап көрсетеді. Сонымен қатар, мақала авторлары жо-ғарыда көрсетілген мәліметтермен қоса, вирустың алдын алу шарасы ретінде BoHV-1 вакцинациясын ұсынады.