ТРАНСВЕРСАЛДЫ ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР

Авторлар

  • Асылбекова Марзия Пазыловна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Санатбай Перизат Айбекқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD253236

Кілт сөздер:

трансверсалды дағдылар, ХХІ ғасыр дағдылары, жұмысқа жарамды дағдылар, ғылыми жобалар, салыстырмалы контент-талдау

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанның жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығында трансверсалды дағдыларды дамытудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – шетелдік ғылыми жобаларға салыстырмалы талдау жүргізу арқылы трансверсалды дағдылардың құрылымын, мазмұнын, бағалау тәсілдерін айқындау және отандық білім беру контексінде оларды тиімді дамыту жолдарын эмпирикалық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып негіздеу. Зерттеу әдіснамасы теориялық және эмпирикалық әдістерді біріктіретін аралас тәсілге негізделді. Теориялық деңгейде трансверсалды дағдыларға қатысты халықаралық жобалар мен фреймворктар (ATS2020, VISKA, TRANSMOD және т.б.) мазмұны жүйеленіп, контент-талдау әдісі қолданылды. Эмпирикалық кезеңде екі жоғары оқу орнында 150 студенттің қатысуымен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілді. Зерттеу нәтижелері болашақ педагогтардың трансверсалды дағдыларды меңгеру деңгейін, олардың даму ерекшеліктерін, ықпал етуші факторларды және оқу үдерісіне енгізудің әдістемелік негіздерін айқындауға мүмкіндік берді. Білім алушылардың ақпараттық сауаттылығы, сыни және шығармашылық ойлау қабілеті, коммуникативтік дағдылары диагностикалық құралдар арқылы бағаланды. Мақала нәтижелері трансверсалды құзыреттіліктерді кәсіби даярлық құрылымына кіріктірудің теориялық және қолданбалы негіздерін нақтылап, педагогикалық практикада пайдаланудың тиімді жолдарын ұсынады. Алынған нәтижелер педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға және білім беру мазмұнын жаңғыртуға бағытталған стратегиялық шешімдер қабылдауға негіз бола алады.

Автор өмірбаяндары

  • Асылбекова Марзия Пазыловна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

  • Санатбай Перизат Айбекқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

    PhD докторанты

  • Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

    PhD докторанты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар