МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

  • Жарикбаева Дарига Рахимжановна Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP252281

Кілт сөздер:

құқықтық тәрбие , құқықтық мәдениет, құқықтық сана , тәрбиелеу үдерісі , тәрбие әдістері

Аңдатпа

Құқықтық мемлекеттің негізгі нысаны болып табылатын азаматтық қоғамның білімді тұлғасын қалыптастыру мәселесі жастардан бастау алатындықтан және қоғамдағы кең таралған құқықтық сауатсыздықты алдын алу мақсатында құқықытық тәрбие мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттілігі туындайды. Сол себепті, Қазақстан Республикасының құқықтық сауатты азамат тұлғасын мектеп табалдырығынан қалыптастыру мақсатында, мектептегі құқықтық тәрбиенің сапасын арттыру үшін тәрбиелеудің тиімді әдістерін негізге алу мәселелері осы мақалада қарастырылған. Зерттеу мақсаты – мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын, қоғамдық және құқықтық санасын, құқықтық мәдениеттілігін қалыптастырумен сипатталады. Мақсаттарына мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеудің тиімді әдістерін зерттеген ғалымдардың тұжырымдарын, анықталған әдістерді негізге ала отырып құқықтық тәрбие жоспарын даярлау және осы жоспар негізінде зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесін қорытындылап, тиімді әдістерді анықтау. Отандық және шетелдік ғалымдардың құқықтық білім мен тәрбие, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет туралы зерттеулері негізге алынған. Құқықтық тәрбие жұмыстарын сапалы жүзеге асыру мақсатында 5 сыныпқа арналған құқықтық тәрбие жоспары құрастырылып, осы жоспар негізінде зерттеу жұмыстары жүргізілген. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері салыстырмалы түрде кесте және диаграмма негізінде берілген.

Автор өмірбаяны

  • Жарикбаева Дарига Рахимжановна, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Тарих кафедрасның аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар