МЕКТЕПТЕГІ ЖОБАЛАУ ҚЫЗМЕТІ АРҚЫЛЫ STEM-БІЛІМ БЕРУДІ ЕНГІЗУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2025_1_322Кілт сөздер:
STEM-білім беру, жобалық қызмет, мектеп білімі, STEM-жоба, STEM-құзыреттер, техникалық пәндерАңдатпа
Әдебиеттерді талдау негізгі ұғымдармен ережелер талқыға алынып, сараланды, жобалық қызмет арқылы STEM-білім берудің артықшылықтары мен кемшіліктері ашылды және STEM-білім беру шеңберінде жобалық қызметті қалай тиімді жүзеге асыру керектігі туралы біртұтас идеяны қалыптастыру үшін негіз жасады. Сауалнама барысында 9-сынып оқушыларының (52 адам) қызығушылықтары, қалаулары анықталды, STEM-құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі, сондай-ақ жобалау қызметі саласындағы тәжірибе мен артықшылықтар анықталды. Алынған нәтижелер негізінде STEM және жобалық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған 9-сынып оқушыларына арналған «STEM–жоба» бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылды. Зерттеудің эксперименттік бөлігі бастапқы біліммен дағдыларды диагностикадан өткізу, әзірленген бағдарлама негізінде сабақтармен сыныптан тыс іс-шаралар өткізу, қорытынды диагностика жасау және эксперименттік және бақылау топтарындағы барлық нәтижелерді кейіннен талдау жұмыстарын қамтыды. Тұтастай алғанда, зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелері STEM –білім берудегі жобалық қызметті қаншалықты тиімді пайдалануға болатынын көрсетті және нәтижелерді салыстырмалы талдау жобалық қызметті пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін құнды ақпарат жасалды. Мектеп білімінде, жобалық қызметтен тыс STEM-білім беруді пайдалануды кеңейту бойынша ұсыныстар әзірленді және оларды пәнаралық тәсілді және неғұрлым басым әлеуметтік-маңызды құзыреттерді дамытуды пайдалана отырып, гуманитарлық пәндермен біріктіру ұсынылды.