МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ЖАОК-ты ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Авторлар

  • Рахметов Максот Елеусизович Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті https://orcid.org/0000-0001-9745-6925
  • Садвакасова Айгул Кадыркановна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-8219-5515
  • Куанбаева Баян Улжагалиевна Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті https://orcid.org/0000-0003-0134-1379
  • Жусупкалиева Галия Кайдаровна Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2025_1_389

Кілт сөздер:

ЖАОК, сандық технология, онлайн курс, информатика пәні, платформа

Аңдатпа

Қазіргі таңда әлем бойынша цифрлық технологияларды қолдану және білім  беру саласына еңгізу  ерекше маңызға ие болып табылады. Осы орайда 2023 жылғы ҚР Президентінің Жолдауында “Білім беру жүйесін жаңарту” бағдарламасында көрсетілгендей оқушылардың жаңа технологиялармен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру мақсаты қойылған. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде информатика пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындауда заманауи технологияларарқылы  білім деңгейін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету маңызды мәселе. Осы негізде жалпы орта мектептің оқушыларын олимпиадаға дайындауда ЖАОК-тің рөлі өте ерекше болып табылады. Мақалада ЖАОК-тың әлемдік жаңа білім беру саласында маңыздылығы әрі тиімділігі мен ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ,ЖАОК-тың заманауи білім беру контексіндегі рөлі мен құрылымы, тиімділігін арттыру жолдары және оқыту үдерісіне әсері талқыланады. Сонымен қатар, мақалада олимпиадаға дайындық үдерісіндегі ЖАОК-ты қолдану маңыздылығын анықтау үшін жүргізілген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижелеріталданады.Сондай-ақ, зерттеу жұмысымызды жүзгізу үшін мектеп оқушыларына арнайы сауалнама өткізілді. Анықтауыш сауалнамаға Атырау қаласының 13 мектебі қатысты. Сауалнама нәтижесінде мектеп оқушыларының ЖАОК арқылы олимпиадаға дайындау тиімді екендігі және оқушылардың қызығушығын арттыру құралы екендігі анықталды. Осылайша,болашақ зерттеу жұмысымызда информатика пәні бойынша олимпиадаға дайындауда ЖАОК арқылы оқытудың маңыздылығын анықтауға және осы бағытта болашақ зерттеулер жүргізу жоспарланды.

Автор өмірбаяндары

  • Рахметов Максот Елеусизович, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

    PhD, Информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Садвакасова Айгул Кадыркановна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD,  Информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • Куанбаева Баян Улжагалиевна, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Физика және техникалық пәндер кафедрасының профессоры

  • Жусупкалиева Галия Кайдаровна, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Физика және техникалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар