ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ПӘНДІК-ТІЛДІК ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ТӘСІЛДІ (CLIL) ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD253227Кілт сөздер:
пәндік-тілдік интеграцияланған тәсіл (CLIL), тілдік қарым-қатынас, педагогикалық білім беру, тәсіл, пәндік-кәсіби білім, оқу материалдары, пәнаралық оқытуАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде пәндік-тілдік интеграцияланған тәсілдің (Content and Language Integrated Learning – CLIL) көптілді білім беру кеңістігінде болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың сапасын арттыру құралы ретіндегі маңыздылығы қарастырылады. Теориялық негіз ретінде ғылыми әдебиеттер, нормативтік құжаттар, білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды талдау пайдаланылды. Эмпирикалық зерттеу Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жаратылыстану және география факультеті, география және экология кафедрасының оқытушылары мен студенттері арасында жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – CLIL тәсілін білім беру үдерісінде қолдануға қатысты хабардарлық деңгейін, дайындықты және уәждемені анықтау болды. Алынған деректер бұл әдіске деген тұрақты қызығушылықтың бар екенін көрсетті, сондай-ақ тілдік, әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етуге байланысты бірқатар қиындықтарды анықтады. CLIL тәсілі түлектердің академиялық ұтқырлығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде қабылданатынына ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижелері негізінде CLIL тәсілін жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне кезең-кезеңімен енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді, соның ішінде оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және оқу курстарын бейімдеу қажеттілігі айтылды. Мақала материалдары оқытушыларға, әдіскерлерге, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге және екітілді, көптілді білім беру саласындағы мамандарға пайдалы болуы мүмкін.